«Атыңнан айналайын, Қарқаралы»

00-bas-foto

Әсемдігі өз алдына, адам аяғы көп тие бермейтін, тұмса табиғаты мейлінше жақсы сақталған Қарқаралы тауларына ұзақтан қарасаңыз қазақ әйелдерінің дәстүрлі баскиімі Қарқараға ұқсайды. Сондықтан болар Мәди бабамыз «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» деп тамсана сөз жазып, таңқала ән шығарған. Ғалымдардың пікірінше, Қарқаралының көк сеңгір таулары бұдан 250-500 млн. жыл бұрын палеозой заманында бой түзеген.

01

Сол тау қойнауында Қарқаралы ұлттық паркі жұмыс істейді. Ресми құрылғанына әлі жиырма жыл тола қоймаған ұлттық бақтың жалпы аумағы 90 323 га алып жатса, оның 40 341 га жерін орманды алқап құрайды. Онда негізінен қарағай, қайың, көктерек, үйеңкі, шегіршін мен терек тал секілді ағаштар өсіріледі.

02

Парк аумағында екі жүзге жуық жабын тұқымды өсімдіктермен қатар, жүз тоқсан омыртқалы жануарлар: қырық бес сүт қоректі, құстың жүз жиырма екі түрі, екі қос мекенді және он бес балық түрі кездеседі.

03

Ұлттық бақ аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізіген жануарлар мыналар: архар, елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала сұржыланы. Қос мекенділер фаунасының негізі: сұр суыр, сұр тышқан, ор қоян, қосаяқ, жоңғар аламаны, сұр суыр, саршұнақ және күзеннен тұрады. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі , суыр, борсық, ақкіс сілеусін қатар ұшар (тиін) мен қабан мекендейді.

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу