Ұлытаудағы ұлы мекен

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы аумағымен ағып жатқан Байқоңыр өзені бойындағы петроглифтер көне замандарға сапарлап қайтқандай әсер қалдырады. Себебі, ондағы суреттер тас дәуірде өмір сүрген адамдардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат береді.

01

Бұл туралы мәлімет алғаш рет 1914 жылы Н. С. Воренц басқарған экспедицияның Бетпақ далаға жасаған сапары барысында белгілі болған.

Ал осы күні тасқа қашалып салынған суреттердегі жылқы малын қолға  үйрету кезеңіне, яғни б.з.д I-IІ мың жылдықтарға жататыны дәлелденіп отыр. Ол суреттерден сондай-ақ, аю, бұғы, түйе мен еліктің де бейнелерін көруге болады.

Онда шамамен 160-тан астам археологиялық нысан тіркелгендіктен, бұл алқапта адамдардың түрлі тарихи кезеңдерде алма-кезек қоныстанғаны дәлелденіп отыр. Бұған зираттар мен қорғандардан табылған тас құралдар, керамика бұйымдарының сынықтары дәлел.

Жалпы Байқоңыр өзенінің ұзындығы 65 шақырымнан асады.

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу