Ақ көбелек, көбелек

01

Әлемнің көптеген елінде ақ көбелек махаббаттың, нәзіктік пен тазалықтың символ саналатыны белгілі. Мәселен, Еуропаның кейбір елінде үйлену тойларында көгершіннің орнына көбелек ұшыратын дәстүр де бар.

02

Ешуақытта ұйықтамайтын бунақденелі бұл жәндіктің жер бетінде 157 000 түрі бар екен. Көбелектердің қанатын жайғандағы көлемі 1,5-30 сантиметр аралығында болады. Олардың ішіндегі ең ірісі «Attacus aitas» деген түнгі көбелек болса, ал ең ұсақ көбелек – «Көк Карлик» деп аталады. Олар Ұлыбританияда мекендейді. Түр-сипаты мен қанаттарының бояулары сан алуан келетін көбелектердің кейбірі ауылшаруашылық саласына орасан зиян келтірумен де ерекшеленеді.

03

Көбелектердің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек) атты төрт кезеңнен тұрады. Жұмыртқасының формасы шар тәрізді, дөңгелек, цилиндрлі және көпбұрышты болып келеді.

04

Мына фотосуреттегі ақ көбелекті еліміздің Оңтүстігі, Оңтүстік Шығысы мен Солтүстік аймақтардан жиі кездестіруге болады.

05

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу