.

Паңдана басқан пандалар

Ие Ие атты 16 жастағы үлкен панда Волонг қорығындағы табиғатты қорғау орталығының ашық аспан астындағы қоршауында серуендеп жүр. Жапон мен Қытай жазуын бейнелейтін бұл есім екі ұлт достығының құрметіне қойылған.

Ие Ие атты 16 жастағы үлкен панда Волонг қорығындағы табиғатты қорғау орталығының ашық аспан астындағы қоршауында серуендеп жүр. Жапон мен Қытай жазуын бейнелейтін бұл есім екі ұлт достығының құрметіне қойылған.

Қытайлар үлкен пандаларды қайтіп көбейтуді біледі. Бүгінде олар пандаларды тіршілік ету ортасы мейлінше қауіпті табиғат аясына шығарып жатыр.

Қызметкерлері «Папа панда» атап кеткен Жаң Хемин Бифенгсиа панда базасында 2015 жылы туған қонжықтардың ортасында жатыр. «Қайсыбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, үлкен панданың сиқырлы күші бар», – дейді Қытайдағы панданы қорғау қозғалысына басшылық ететін Жаң.

Қызметкерлері «Папа панда» атап кеткен Жаң Хемин Бифенгсиа панда базасында 2015 жылы туған қонжықтардың ортасында жатыр. «Қайсыбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, үлкен панданың сиқырлы күші бар», – дейді Қытайдағы панданы қорғау қозғалысына басшылық ететін Жаң.

Авторы: Дженифер С.Холланд

Фото: Эми Вайтали

Мен өзіме қарай беттеген жануарды бажайлап қарайын деп мейлінше еңкейіп, шөп үстіне отырдым. Дене тұрқы соккер добындай-ақ, төрт айлық ол күшік сияқты соншама нәзік, әрі сүйкімді еді. Көтеріп ап, құшағыңа қысып-қысып алуға шақ қаласың.

Оның сүйкімді болатындай жөні де бар: Қытайда ғана тіршілік ететін, әрі осы елдің ұлттық мақтанышына айналған үлкен панда бір елдің мәдени бет-бейнесі һәм экономикалық кірісі іспетті бүкіл әлемге танымал жануар. Бүгінде Қытайдың панданы сақтап қалуға деген жойқын талпынысын бүкіл әлем зер сала бақылап отыр. Және ол белгілі бір дәрежеде айтарлықтай табысты болуда.

Жойылып кету қаупі бар көптеген жан-жануарлар сияқты пандалардың саны да адам санының көбеюіне байланысты табиғи ортаның тарылуынан туындап отыр. Бұл – дабыл қағылған 1990 жылдардан бері шешілмей келе жатқан мәселе. Десе де, қытайлықтар ширек ғасырдың ішінде жүздеген панданы ұстау һәм тамақтандыру тәртібін барынша жетілдіріп, оны туристерден түсетін пайда көзіне айналдырып үлгерді.

Жан-жануарларды көпшілік қызықтайтын қоршауда өсіру бір басқа да, оларды табиғат аясына өз бетімен күн көруге шығару бір басқа. Қалай болған күнде де, үлкен панданың қоршауда, я болмаса таза табиғат аясында болатынын уақыт көрсетеді.

ҮЛКЕН ПАНДАЛАР – ТЕЗ БЕЙІМДЕЛГІШ. «Біздер, адамзат баласы, қоршаған ортаны өз қажеттіліктерімізге орай өзгертуге дайын тұрсақ, пандалар, керісінше, өздерін қоршаған ортаға сай өзгертеді», – дейді Бифенгсиа, Дужиангиан, Волонгта үш бірдей панда базасын ұстап отырған Қытай үлкен пандаларды сақтау және зерттеу орталығының директоры Жаң Хемин.

Бейімделген пандалардың жаңа ортада өсіп-өнуі уақыт пен қажеттіліктен туып отырған жағдай. ДНҚ зерттеулері өздерінің жыртқыш туысқандары сияқты нағыз аюлар санатына жататынын, пандалардың да етті паршалайтын азу тістері мен оны қорытуға қажетті энзимдері бар екенін көрсетіп отыр. Алайда қазба қалдықтарының жоқтығына байланысты пандалардың өз тұқымдастарынан қашан бөлініп шыққаны әлі де анық емес. Ал Қытайдағы үңгірден табылған сүйектер біз үлкен панда санайтын жануарлардың жасы кемі екі миллион жыл екенін айғақтайды.

Қонжық панда киіміне алдана ма? Волонгтағы Хетаопинг орталығындағылар алданады деп үміттенеді. Табиғат аясында тіршілік етуге үйретіліп жатқан мұндағы аюларды адамдардан мейлінше аулақ ұстайды.

Қонжық панда киіміне алдана ма? Волонгтағы Хетаопинг орталығындағылар алданады деп үміттенеді. Табиғат аясында тіршілік етуге үйретіліп жатқан мұндағы аюларды адамдардан мейлінше аулақ ұстайды.

Пандалардың қашан және не себепті шөпқоректі жануарға айналғаны әлі де даулы мәселе болып отырғанымен, икемделу кезеңі қазіргі пандаларға айрықша белгілер қалдырып үлгерді. Солардың бірі – азу тіс болса, екіншісі – бамбукты ұстауға зор көмегі бар білегіндегі бармақ пішіндес өскін. Қызық болғанда, пандада жейтін тағамының 99 пайызын құрайтын бамбукты бөлшектейтін ішек микроағзасы атымен жоқ. Ол жеткілікті түрде нәр алу үшін күніне 9-дан 18 келіге дейін өсімдік жейді.

Биік әрі кәрі ағаштың тасасында өсетін өсімдікті ғана таңдап-талғап жейтін пандалар басқа ортада өмір сүре алмайды. Десе де, қазір ондай орталар азайып бара жатыр. Әдетте Қытайдың оңтүстігі мен шығысы һәм Мьянма мен Вьетнамның солтүстігін ерсілі-қарсылы мекендеп үйренген пандалар бүгінде Қытайдың таулы аймақтарында, бұрынғымен салыстырғанда бір пайыздай ғана мөлшерде кездеседі.

Зерттеушілер пандалар санағын 1970 жылдардан бері жүргізіп келе жатыр. Ол кезде олардың саны шамамен 2500-ның айналасында еді. 1980 жылдары пандалардың саны күрт кеміді. Оған бамбук алқаптарының құрып кетуі де бір себеп болғаны рас.

Қытай үкіметінің 2014 жылғы ең соңғы санақ нәтижесі бойынша, табиғат аясындағы пандалардың саны 1864-ке жеткен. Алайда коммерциялық емес Панда тауы қорығын құрған «National Geographic» грантының иегері Марк Броди қандай да бір арнайы санға сенудің қиындығы барын да ескертті. Оның айтуынша, «Біз әзір панданың өзін емес, панданы санау әдістемесін ғана дамыттық». Сондай-ақ зерттеу ауқымы мен әдістерінің өзгеруіне байланысты он жыл бұрынғы сандарды қазіргімен салыстырудың да өз қиындықтары туындап жатыр. Бүгінде зерттеу әдісіне пандалардың ДНҚ анализдері де кіреді.

Дей тұрғанмен, қытайлықтар өздерінің сүйікті аюларын қолда өсіруге жанталасып бағуда. Ілгерідегі жылдарда (1990 жылдардың соңына дейін) қонжықтарды өлтіріп алмай бағып-қағу әрекеттері көп жағдайда сәтсіздікке ұшырағаны рас.

Сырт елдердің көмегінің арқасында жағдай түбегейлі өзгерді. Бүгінде қытайлықтар қолданатын әдісті ойлап тапқан генетик ғалым Джонатан Балу: «қазір пандалар генетикалық өзгеріске барынша ұшыраған үй жануарларының бірі», – дейді.

Көзі ашылмаған, өзі тып-тықыр, шиқылдақ, шешесінің 1/900 бөлігіндей-ақ жаңа туған қонжықтан қауқарсыз не бар мынау өмірде?! Бірақ мұның бәрі де уақытша дүние. Сүтқоректілердің ішінде ең жылдам өсетін жануарлардың бірі саналатын панда алғашқы айдың өзінде 0,1 келіден 1.8 келіге дейін салмақ қоса алады.

Көзі ашылмаған, өзі тып-тықыр, шиқылдақ, шешесінің 1/900 бөлігіндей-ақ жаңа туған қонжықтан қауқарсыз не бар мынау өмірде?! Бірақ мұның бәрі де уақытша дүние. Сүтқоректілердің ішінде ең жылдам өсетін жануарлардың бірі саналатын панда алғашқы айдың өзінде 0,1 келіден 1.8 келіге дейін салмақ қоса алады.

Мен қонжықтарды анықтап қараған жер қысқаша BFX аталатын Бифенгсиа панда базасы еді. Бұл жерге келушілер ересек аюларды ашық алаңқайда көру мүмкіндігіне ие болады.

Біз тұрған жерден жотаға қарай қызметкерлерге арналған ғимарат орын тепкен. Онда асырау бағдарламасымен жұмыс істейтін аюлар өмір сүреді. Темір торлы есіктері бар бетон қоршаулардың сыртында сым қоршаулар бар. Әдетте олардың ішінен ұйықтап, иә болмаса тамақ ішіп отырған, кей жағдайларда қолына қонжығын ұстап отырған ұрғашы пандаларды кездестіресіз.

«Қаншама жыл сарғайтып барып панда буаз болса, иә ол туып жатса, осындағылардың бәрі айрықша қуанады» – дейді өзі де аюға ұқсас ардагер қызметкер Жанг Син. Ол «Ересектер мен қонжықтар күн сайын біздің қадағалауымызда болады. Біз олардың қанша тағам жеп, құмалағы hәм көңіл күйі қандай екенін бақылап отырамыз. Бізге олардың дені сау болғаны керек» – деп әңгімесін жалғады.

Осы орайда, панданың ұрықтануы жайлы аз-кем мәлімет. Қытай ұрықтандырушылары аюлардың сезімін ояту үшін пандалардың жақындасуын бейнелейтін «порно» жазбаларды, Қытайда өсетін шөптерді, тіпті виагра мен ойыншықтарды да қолданады. Мамандар бейнежазбаларды негізінен ынтық сезімін оятатын дыбыс ерекшеліктері үшін қолданса, «таяққа шаншылған алма аталық панданы ұрғашыға қарай итермелейді» деп сенеді.

Қолдан ұрықтандыруға қазір қағаз жүзінде келісім бар. Оған кейде екі аталықтың ұрығы қолданылады. Бұл жерде жылына бір-ақ мәрте, оның өзі 24-тен 72 сағатқа дейін ғана созылатын ұрғашы панданың күйлеуі деген мәселенің бар екенін де айтпай кетуге болмайды. Эндокринологтар зәрдегі гормондар арқылы аналық жасушаның жетіліп, бір-екі күннің бедерінде ұрықтың жатырға орналасуы үшін бірнеше мәрте талпыныс жасайтын әрекетін бақылауда ұстайды.

Үш айлық қонжықтар Бифенгси панда балабақшасында көз шырымын алып жатыр. Егіз қонжық туатын ұрғашы панда әдетте екеуіне бірдей көңіл бөле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қызметшілер қонжықтардың орнын оқтын-оқтын ауыстырып, шешесінің де, қызметшінің де қамқорлығынан тыс қалмауды қамтамасыз етеді.

Үш айлық қонжықтар Бифенгси панда балабақшасында көз шырымын алып жатыр. Егіз қонжық туатын ұрғашы панда әдетте екеуіне бірдей көңіл бөле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қызметшілер қонжықтардың орнын оқтын-оқтын ауыстырып, шешесінің де, қызметшінің де қамқорлығынан тыс қалмауды қамтамасыз етеді.

Бұдан кейін ұрғашы пандалар бақылаушыларды айлар бойы дүдәмал күйге түсіреді. «Панданың буаз екенін анықтау өте күрделі», – дейді BFX-тің директоры Жаң Гуайчуен. Ұрықтану мерзімінің кешігуі, буаздық мерзімінің төтенше өзгеруі, гормондық ауытқулардың аяқастылығы немесе үн-түнсіз түсік тастау пандаларда бола беретін қасиет.

Жабайы аюлар миллиондаған жылдар бойы адамзат баласының араласуынсыз жүзеге асырған аталмыш әрекет иіс қалдыру, күйлегенде шығаратын дыбыс пен тұтас әлеуметтік қарым-қатынас сияқты табиғи циклден тұрған болса, ол қоршаудағы өмірде атымен жоқ.

Пандалардың өміріндегі осы және өзге де жасанды әрекеттер тағы бір панда орталығында жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Денвер Университетінің маманы Сара Бекселді бейжай қалдырған емес. «Аюлар, әсіресе, пандалар өте төзімді болып келеді», – дейді ол. Оның айтуынша, сырт көзге аса ымырашыл және алаңсыз көрінетін олармен «егер біз бірге отырып сыр ағытар болсақ, мүлде өзге дүние естіген болар едік». Смисониан Институтының экологы Уильям Мекшей былай дейді: «Біз оларды қаптаған жұрттың көз алдында шағылысса екен дейміз, ал мұның нағыз панданы көбейту ісіне қатысы шамалы».

Не өз енесі, не суррогат енесі жоқ балабақшадағы қонжықтарға күні­түні қызметшілер қарайды. «Олар қашан да көмекке мұқтаж», – дейді бағыпқағушы адам.

Қытай әлі де болса жақсы нәтижеге қол жеткізіп келе жатыр. 2015 жылы Қытайда 38 қонжық дүниеге келді. BFX орталығындағы панда балабақшасы ғимаратында арнайы безендірілген инкубатор бар. Онда енесі немесе суррогат аюдан қол үзген қонжықтарды күні-түні адамдар бағып-қағады. Енесі мен төлін ажырату әлбетте дұрыс емес. Десе де, байқампаз суррогаттар қабылдамай қойған, болмаса әлжуаз қонжықтарды аман алып қалуға бұл да айтарлықтай көмектеседі.

Мұрны мен фотоаппараттары инкубатор бөлмесінің терезесіне жабысып қалған келушілер себетте жатқан бес ұлпабасты көрген сайын ахылап-ухілеп қояды.

Тәулік бойы жұмыс істейтін төрт бұрышты көзәйнек таққан нәзік, әрі ұяң Лиу Жуан осы аптада екінші рет ауысымға түсіп отыр.

Қызметші Ли Фоң Бифенгсиа панда балабақшасының терезесі алдында сүйкімді «сәбиін» бауырына қысып тұр. Ең тартымды жануар төлін суретке түсіру үшін жылына 400 мыңнан астам адам келеді.

Қызметші Ли Фоң Бифенгсиа панда балабақшасының терезесі алдында сүйкімді «сәбиін» бауырына қысып тұр. Ең тартымды жануар төлін суретке түсіру үшін жылына 400 мыңнан астам адам келеді.

Жаңа туғандарға инкубация жасау, бөтелкемен тамақтандыру, әлдилеу, құстыру, мөңірегеніне жауап беру, ас қорытуын жеңілдету үшін қарнын сипау, салмағы мен бойын өлшеу, жүріс-тұрысын қадағалау, айта берсе, «бұл өзі бір тынымсыз, әрі ауқымды жұмыс – деп сөзін сабақтады Лиу Жуан. – Қонжықтардың өмірін сақтау сұрауы мол жұмыс. Қытай үшін олар аса маңызды».

Пандалардың дені өз өмірлерін BFX орталығындағы қоршауда, Қытайда немесе сырт елдердегі зообақтарда өткізеді. Дей тұрғанмен, мамандардың қонжықтарды болашақта Сычуан провинциясында табиғат аясына шығарсақ деген ойы бар сияқты.

Хетаопинг – Волонг табиғат қорығында орналасқан ескі панда базаларының бірі. Мұндағы тас пен бетоннан соғылған ғимараттар Цюнлай Шан тауларының жазығына сұғына кіріп жатыр. 1970 жылдардың соңында қытайлықтар мұндағы тау беткейлерінде тәжірибе стансысын орнатып, ол 1980 жылдан бастап панда мәселесі бойынша Қытай үкіметімен өзара ынтымаққа келген Батыстың алғашқы ұйымы – Дүниежүзілік табиғатты қорғау қорымен (ДТҚҚ) тізе қосып, жұмыс істей бастады. Пандалардың бүгінгі жағдайы зерттеу жұмыстары үшін ДТҚҚ жіберген танымал биолог Джордж Шеллер еңбегінің нәтижесі болып саналады.

Біреуі ғана өз төлі болса да, осы үшеуіне де жалғыз панда қарайды. Әлжуаз немесе шешесі бауырына баспай қойған қонжықтарды суррогат шешеге қосу қонжықтардың тірі қалуына айтарлықтай көмектеседі.

Біреуі ғана өз төлі болса да, осы үшеуіне де жалғыз панда қарайды. Әлжуаз немесе шешесі бауырына баспай қойған қонжықтарды суррогат шешеге қосу қонжықтардың тірі қалуына айтарлықтай көмектеседі.

Папа Панда, бұл – Шеллермен бірге жұмыс істеген, жануарлар десе шығар жаны бөлек Жаңның лақап аты. Бұлай аталу себебі, орталықтағы аюлар Жаң келмейінше, тіпті төлдемей-тін көрінеді. «Панданы шын жақсы көруді мен Шеллермен жұмыс істеу барысында үйрендім», – деп ағынан жарылды ол маған.

Кейінгі уақытта іріктелген қонжықтардың бір тобы Хетаопингтегі табиғат аясында өз бетінше өмір сүруге үйретіліп жүр. Панданың зәрі сіңген тұтас панда костюмін киетін қызметкерлердің басты мақсаты – панданы адамға үйірсек етпеу. Мұнда шешесімен қалатын қонжықтар екі жыл ішінде табиғат аясында өз бетінше өмір сүруге икемделеді. Шамамен, бір жылдан кейін оларды таудың биігіне көшіріп, ес біліп қалған қонжықты өз бетінше өмір сүре алады деп тапса, бостандыққа жібереді. Жаңның түсіндіруінше, бостандыққа жіберілетін жас панда барынша тәуелсіз, өзге аң-құстар мен адамдардан сақтана білетін, өз бетінше тамақ пен баспана таба алатындай болуы тиіс. Бәрі бірдей ондай емес, әрине.

Аюларды еркіндікке жіберетін қолайлы орта табу да шетін мәселе. Қытайлықтар 1970 жылдардан бері қорықтардың санын 12-ден 67-ге жеткізіп, пандаға планетадағы «ең қорғалатын жануар» мәртебесін алып беріп отыр.

Десе де, ауыл тұрғындары қоныстанған, ара-арасына жол, шаруа қожалықтары мен түрлі құрылыс насындары салынған бұл қорықтардың көпшілігі өте кішкентай. Смисониандық Мекшейдің айтуынша, табиғат аясында өз бетінше өмір сүретін пандалардың үштен бірінен көбі қауіп-қатері мол қорық аумағынан тыс жерлерде тіршілік етеді.

Волонг қорығының қызметкерлері «өз бетінше өмір сүру дайындығынан» өткен Хуа Дзяуды, яғни “Нәзік сұлуды” денсаулығын тексеруге әкеле жатыр.

Волонг қорығының қызметкерлері «өз бетінше өмір сүру дайындығынан» өткен Хуа Дзяуды, яғни “Нәзік сұлуды” денсаулығын тексеруге әкеле жатыр.

Бір жақсысы, «мұнда браконьерлік атымен жоқ, пандаға жан баласы тимейді, басына пәле іздеген адам болмаса» – дейді Мекшей. (Панданы Қытайда 1960 жылдарға дейін заң жүзінде аулай беретін, қазір бір панданы өлтірген адам 20 жылға бас бостандығынан айырылады).

2006 жылдан бері қытайлық ғалымдар электронды мойынбаулары бар бес панданы еркіндікке жіберді. Екеуі өлі күйінде табылды. Қалған үшеуі әлі де сонда.

Шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі – панда мекендейтін жерлердегі мал жайылымы. «Жылқы мен панданың екеуі тұрғындарын басқа жерге көшіруге жақсы сылтау болды. Көшетін адамдар үшін ойдағы жазықта бірнеше ауыл тұрғызған билік өкілдері «панда қорығы табысты болды», – деп жарияға жар салды.

Гао Цзяуен жас пандаларды ата жауларынан сақтануды үйрету үшін пайдаланатын қабылан мүсінінің қасында тұр.

Гао Цзяуен жас пандаларды ата жауларынан сақтануды үйрету үшін пайдаланатын қабылан мүсінінің қасында тұр.

Қарапайым үйде ет жақындарымен бірге тұратын 75 жастағы кейуана Ли Шуфаң шошқа мен бақшаға қарау үшін күніге тауға он шығып, он түседі. Менің пандаларға жасалған жағдайға көзқарасыңыз қалай деген сұрағыма ол мырс етіп, жергілікті диалектіде: «Олар бізді көшіргенше, пандаларды неге көшірмейді?», – деп жауап берді.

Маған кез болған өзге адамдар жазықтағы «жеңіл» өмірге әлдеқайда көндіккен сияқты көрінді. Олардың арасында пандадан пайда тауып жатқан бірен-саран адамдар да бар, әрине.

Волонг қорығының қызметкерлері сақина тағылған пандалардың радиодабылына құлақ түруде. Осылайша олар өз бетінше тіршілік етуге дағдыланып жүрген қонжықтардың тау-таста қалай қимылдайтынын анықтайды.

Волонг қорығының қызметкерлері сақина тағылған пандалардың радиодабылына құлақ түруде. Осылайша олар өз бетінше тіршілік етуге дағдыланып жүрген қонжықтардың тау-таста қалай қимылдайтынын анықтайды.

Босаған жерді аюдың мекеніне айналдыру мақсатында жергілікті халықты оталған, иә болмаса жер сілкінісінен зардап шеккен орман алқаптарына көшет отырғызуға жалдады. Қытайлықтар тамыры эрозияға төзімді, тез өсетін ағаш түрлеріне басымдық берді. Алайда олардан пандалар мекеніне еш пайда жоқ. Себебі, ең құнарлы бамбуктер негізінен ұзақ өскен ағаштардың төменгі бұтақтарында болады да, оның пісіп жетілуіне ондаған жылдар кетеді. Таудың топырағы оны көп мөлшерде отырғызуға да мүмкіндік бермейді. Отырғызған жағдайда жер бедері бұзылып, оның соңы панданың құруына әкеп соқтырады.

Әлемдік тұмса табиғатты қорғау ұйымы түрлерді қорғау бөлімінің директоры Барни Лонгтың айтуынша, 33 панда субпопуляциясының тек тоғызы ғана өзге жан-жануарлардың арасында ұзақ уақыт «өмір сүруге бейім». Климаттық өзгерістер де жағдайды ушықтыра түспек: ғылыми теориялар ғаламдық жылыну алдағы 70 жылда үлкен панданың қазіргі тіршілік ету мекенін шамамен 60 пайызға қысқартады деп дабыл қағуда. Панданы қорғау мақсатында олардың мекен ету ортасын қайта жарақтандыру, байланыстыру және қорғау сияқты жүргізіліп жатқан әрекеттер әл-әзір бірден-бір дұрыс шешім сияқты. «Жас пандаларға үй тауып беру» жаңа туған қонжықтардың жалпы санын есептей бергеннен әлдеқайда маңызды», – дейді Марк Броди.

Дайындықтан өткен Данышпан немесе Жаң Сяң 2013 жылы Лизипиң табиғи қорығына алғаш табан тіреді. Ол жас пандаларды қайта бейімдеу үдерісі қолға алынғалы бері бостандыққа шыққан алғашқы ұрғашы панда еді.

Дайындықтан өткен Данышпан немесе Жаң Сяң 2013 жылы Лизипиң табиғи қорығына алғаш табан тіреді. Ол жас пандаларды қайта бейімдеу үдерісі қолға алынғалы бері бостандыққа шыққан алғашқы ұрғашы панда еді.

Пандаларды «үйлеріне» жіберудің салдары әрқилы болып жатыр. 2006 жылдан бері бостандыққа жіберілген бес панданың (барлығының мойнында электронды қарғыбау бар) үшеуі әлі де дін аман, екеуі өлі күйінде табылды. Біреуі жабайы еркек пандалардың қаһарына ұшыраған сияқты.

«Бағып-қағу машақаты сияқты тұмса табиғатқа жіберілген пандалар да «сынақтан өтеді, қателеседі, біраз уақыт пен қаржы шығындайды, – дейді Мекшей. – Бірақ қытайлықтар түптің түбінде мұның пайдасын көреді».

«Қолда өскен пандалар табиғат аясына еркіндікке шыққан екен, оларға кедергі жасауға болмайды», – дейді Волонг табиғи қорығының қызметшісі.

Папа Панда да сенімді түрде: «Түпкі мақсат – бостандық, бостандық және бостандық» деп қояды маған. «Мен өз өмірімде екі маңызды жұмыс істедім. Пандаларды көбейту қазір, Құдайға шүкір, жолға қойылды. Енді солар мекендейтін жақсы орта қалыптастырып, сонда пандаларды жіберсек болды».

ВОЛОНГТАҒЫ ЖАТТЫҒУ АЛАҢЫНДА жүрген Ие Ие тамақ іздеп қақпаға келді. Қонжығы Хуа Йен (Әдемі қыз) жақын маңнан көрінбейді. Бұл да болса жақсылықтың нышаны. Өз бетімен өскен төлдің тірі қалу мүмкіндігі жоғары. Үш жасар қонжықтың жаттығу мерзімі аяқталуға жақын. Ол жақында табиғат аясына жіберіледі.

Алайда әзіргі кезек басқаныкі. Қараша айының ортасында төрт күн бойы денсаулығын тексерістен өткізіп, электронды мойынбау тағылған Хуа Дзяу (Нәзік сұлу) жәшікке салынғаннан кейін шамамен 300 шақырым жердегі Лизипиң табиғи қорығына жөнелтілді.

Қарашаның таңында Хуа Дзяу салынған торды жүк көлігінен түсірген төрт адам оның аузын орманға қаратып қойды. Бамбукпен көмкерілген қоршаулар көрермендерді көзден тасалап, алға қарай бағыт сілтеп тұр. Қызметші айқай-шусыз тордың есігін ашты. Әуелде жас панда тордың қуысында қапастағы соңғы дәмі – бамбукты шайнап тұра берді. Бұдан кейін оған тамақты өз бетінше табуға тура келеді. Ал бірер жыл бедерінде еркек пандаға кез болып жатса, өмірінің соңына дейін, әліақ бес, иә болмаса, одан да көп қонжық дүниеге әкеледі. Әлбетте, бұл анау айтқандай үлкен сан емес шығар, бірақ табиғат аясында екі мыңға жетер-жетпес саны бар жан-жануарлардың сирек түрі үшін әр жалғыздың орны бөлек.

Қызметшілердің алқауымен ақыр аяғында төбе көрсеткен Хуа Дзяу көзін жарыққа сығырайтып тұрып, табанын жұмсақ топыраққа тигізді. Сосын артындағы адамдар мен өзіне таныс суретке қарамастан, еркін өмірге аяңдай басып кете берді.

РЕБЕККА ХЭЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

РЕБЕККА ХЭЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

Колумбия округіндегі Вашингтон қаласының Смисониан ұлттық зообағындағы Бей­Бей есімді қонжық көптің көзайымына айналды. ngm.com/Aug2016

       

Пікір жазу