Аманат ағашы

Без-имени-2

1915 жылы Пол Попноу National Geographic қоғамына алып ағаштардың 26 суретін берген еді. Солардың бірі Сан-Антониода түсірілген осы сурет. Диаметрі 1,5 метрден асатын алып пеканның бұтағында аспа баулы шалбар киген, жүрек жұтқан бір адам отыр.

Попноу құрма ағашынан бастап евгеника ғылымын дамыту туралы кеңінен жазды. Кейін ол АҚШ-та отбасылық кеңес беру ісінің негізін қалады. Мына суретті Попноу Америкадағы ең алып ағашты табу мақсатында өткізілген сайыс үшін түсірген. Сурет сайыста жеңген жоқ. Есесіне, 1919 жылы пекан ағашы Техастың нышанына айналды. Ал 1906 жылы Техастың экс-губернаторы Джеймс Хог соңғы тілегін айтқан соң оның танымалдылығы тіпті арта түсті. Губернатор өз бейітінің қасына жаңғақ ағашын егіп, құлпытастың орнына пекан ағашын отырғызуды аманаттаған еді. Ол: «Жаңғақтар қарапайым адамдарға таратылсын. Оларды өсіріп-өндіріп, Техас көк желекке айналсын», – деген өсиет қалдырды. – Ив Конант

ФОТО: ПОЛ ПОПНОУ, NATIONAL GEOGRAPHIC ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ

    

Пікір жазу