Шыныдан кейінгі шынайы өмір

 

Аллигатор Гар

Atractosteus spatula

Аллигатор Гардың ұзындығы әдетте 1 метр болса, 2011 жылы ауланған балықтың ұзындығы 2,5 метр, ал салмағы 148 келіге жеткен.Ол балық кемі 94 жыл өмір сүрген.


2013 жылы Тахо көлінен ұзындығы 40 сантиметрлік алтын балық ұстап алған биологтардың таңданысында шек болмады. Иелері суға жіберген аквариум балықтары сол көлде өсіп-өніп, үлкейе түскен. «Қоректің жеткілікті болуы және бәсекелестіктің аздығынан болашақта Тахо көлінен бұдан да үлкен балықты көріп қалуымыз мүмкін», – деді Рино қаласындағы Невада университетінің су экожүйесін зерттеуші ғалым Судип Чандра.

Олардың қалыптан тыс үлкен болып өсуінің сыры – уақытта. Адамдарда жыныстық жетілу кезеңінен кейін бойдың өсуі тоқтаса, кейбір балықтар өмір бойы өседі. Мәселен, көл бекіресі ғасырдан да ұзақ өмір сүреді. Алайда әлемде балықты шамадан тыс көп аулау олардың өсуіне кедергі келтіруде. «Нәтижесінде әлемде үлкен балықтардың саны азаюда», – дейді ихтиолог, биолог Зеб Хоган.

Ал балық аулауға шектеу қойылған кейбір жерлерде жаңа рекордтар орнатылуда. «Nat GeoWILD» арнасынан көрсетілетін «Алып балық» шоуының жүргізушісі Хоган «Ертедегі алып балықтар туралы аңыздар расқа айналғандай. Құбыжықтардың қайтып оралуына кемі 30-40 жыл уақыт кететінін ескерсек, оны балықты жыл сайын көремін деу бекер», – дейді ол. Чандра олардың экожүйеге қандай өзгеріс әкелгенін зерттемекші. Оның ендігі жоспары – шағын роботтардың көмегімен судағы алып балықтарды бақылау. – Эрика Энгельхаупт

fdhdfhjj

Алтын балық

Carassius auratus

«Алтын балық шағын тостаған ішінде өсе алмайды» деген сөз бекер» дейді Судип Чандра. Гиннестің рекордтар кітабына енген алтын балықтың ұзындығы 47,5 сантиметрге дейін жеткен.

GoliathGrouper_SmallAndMonster_Vector-V2_FINAL-FP

Голиаф теңіз алабұғасы

Epinephelus itajara

Флорида жағалауындағы алабұға үлкейіп те үлгермейтін. Ал 1990 жылдары қорғауға алынғандықтан бүгінде олардың саны артқан. Кейбірінің салмағы 270 келіге жетеді.

LakeSturgeon_SmallAndMonster_Vector_v3_FINAL-FP

Көл бекіресі

Acipenser fulvescens

Ертеректе Ұлы көлде алып бекіре жиі ауланатын. Балықшылар оларды жағалауға қаз-қатар тізіп қоятын. Ал қазір бұл жануардың тіршілік ету аумағы тарылып, уылдырығына деген сұраныстың артуы санын кемітіп жіберген.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП: ДЭЙЗИ ЧУНГ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІ: ЗЕБ ХОГАН ЖӘНЕ СУДИП ЧАНДРА, НЕВАДА УНИВЕРСИТЕТІ, РИНО; ЭЛЛИС ФЕРРАРА, НИКОЛС УНИВЕРСИТЕТІ, ЛУИЗИАНА; РАЙАН КОУНИГС, ВИСКОНСИН ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ

    

1 пікір жазылған

Пікір жазу