От үстінде ойнақ салғандар

Sahara_silver_ant

Сахарада ауа температурасы Цельсий бойынша 50 градусқа көтерілгенде жануарлардың көбі көлеңке іздейді. Ал сахаралық күміс түстес құмырсқалар (жоғарыдағы) илеулерінен шығып, шыжыған күннің астында өлексе аңдиды. 2015 жылы Бельгиялық университеттің қос ғалымы бір ай бойы аптап ыстықта құмырсқаларды аңдып, илеу қазды. Басты мақсат – бұл жәндіктердің табан күйдірер ыстықта қалай жүретінін анықтау.

Ғалымдар Бельгияға қайтып келген соң, электронды микроскоппен қарап, құмырсқалардың қалың да үшбұрышты түктері жарықты призма сияқты шағылыстыратынын анықтады. Осылайша, денені металл түстес күйге енгізіп, күннің ыстығынан қорғайды. PhD Квентин Уиллот шағын қандауырмен құмырсқаның түгін қырып тастап, қыздырғыш шамның астына қойғанда, оның дене температурасы көтеріліп кетті. Уиллоттың айтуынша, «жәндіктің дене температурасының салқын күйде сақталуы – таңғажайып құбылыс». Бәлкім мұндай түк адамдарды да қорғай алатын шығар? Уиллот компаниялардың оны көбейтуге қызығушылық танытып отырғанын айтады. – Нина Строчлик

    

1 пікір жазылған

Пікір жазу