Жасын

645645645

Авторы: Катерина Зуккерман

Венесуэладағы Маракайбо — Оңтүстік Американың ең үлкен көлі. Бұл жердің аспанының да өзіндік рекорды бар — бұл өңірде найзағай жиі ойнайды. Соңғы зерттеулер еш жерде найзағай бұндағыдай жиі болмайтынын көрсетті. Жоғары сапада түсіретін серік деректерін талдаған Сан Пауло университетінің профессоры Рейчел Альбрехтің пікірі бойынша, найзағай жиі шатырлайтын жерді топография ­ мен байланыстырып табуға болады.

Маракайбо көлі Анд тауларының солтүстік етегіндегі жазықта орналасқан. Ол Венесуэла шығанағына қосылып жатыр. Мұндағы желдер жылы теңіз самалымен араласып, найзағайдың қайта­қайта ойнауына себеп болады.Соңғы дерек бойынша, жалпы тіркелетін 500 найзағайдың жартысынан астамы Африкада болады. 30 найзағайдың тек алтауы ғана жазыққа түссе, қалғандары тауда ойнайды. Сулы жерде найзағай көбінесе түнде, ал құрғақ жерде күндіз болады екен.

LЕ ЛОРЕН ДЖЕЙМС, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ, АҚПАРАТ КӨЗІ: «НАЙЗАҒАЙЛАР ҚАЙ ЖЕРДЕ?» (2016) РАЙЧЕЛ И. АЛБРЕХТ ЖӘНЕ Т.Б., АМЕРИКА МЕТЕОРОЛОГИЯ ҚОҒАМЫ БЮЛЛЕТЕНІ

5468568

ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮШ

АҚШ-­тың оңтүстік ­шығысында Флориданың Эверглейдс секілді кейбір аудандары мен Солтүстік Аргентина өңірлерінде найзағай жиі ойнайды. Бірақ Маракайбо көлімен салыстырғанда әлдеқайда сирек. Дегенмен, бұл аймақтарда негізінен, көктем мен жаздың басында пайда болатын найзағай анағұрлым күшті және қауіпті.

НАЙЗАҒАЙ ЖИІ ОЙНАЙТЫН ЖЕРЛЕР

Биылға дейін ғалымдар Орталық Африканың Митум­ба тауларында басқа жерлермен салыстырғанда жай оты жиі жарқылдайды деп сеніп келді. Жер серігінің соңғы деректеріне сүйенсек, ең найзағайлы жер Оңтүстік Америка екен.

БІР ШАРШЫ ШАҚЫРЫМҒА ШАҚҚАНДАҒЫ СӘУЛЕ, НАСА­НЫҢ ТРОПИКАЛЫҚ ЖАУЫН МӘЛІМЕТТЕРІНЕН НАЙЗАҒАЙДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАҚЫЛАЙТЫН ПАНОРАМАЛЫ СЕНСОРЫ, 1998­2013

    

Пікір жазу