Материядан биік рух

MM8428_160705_015064

Ішкі сеніміңіз – болмыс-бітіміңіз!

Флорида университетінде Паркинсон дертіне шалдыққан Рассел Прайс ота арқылы миына микроэлектрод қойдырып жатыр. Дәрігерлер отадан және плацебо әсерінен емнің қаншалықты оң нәтиже беретінін білмейді.

ФЛОРИДА УНИВЕРСИТЕТІ МАКНАЙТ МИ ИНСТИТУТЫНДА ТҮСІРІЛДІ

Авторы: Эрик Вэнс Фото: Эрика Ларсен

Грейс Алтеттингтегі қасиетті ағаштан жасалған Қара Мадоннаға жетер-жетпесін білмейді. Жыл сайын мыңдаған зияратшы басып өтетін 110 шақырымдық жаяу  жолда ол табанынан таусылды.

Ричард Модл өкшесін сындырып алса да, 2003 жылы Германиядағы Алтеттингке барамын деген шешімінен қайтқан емес. Қасиетті Марияның оны әрдайым «желеп-жебейтініне»  бек сенді. Сөйтіп, сапарға аттанды. «Алтеттингке бет алғанда ауруыңнан жазылып кеткендей боласың», – дейді ол.

18 жасар Максимиллиан Клемент (сол жақта) және 21 жасар Беннедикт Браун Германиядағы жыл сайынғы зиярат шарасында Қасиетті Марияның мүсінін Алтеттингтегі Ханым ғибадатханасына апарады. Ол жерде емдеу салты орта ғасырдан бері жалғасып келеді. Италияның Сиена қаласындағы Катериниана Сан-Доменико Базиликасында Қасиетті Кэтриннің мумияланған бассүйегі бар зиратқа ем іздеген Римдік католиктер ағылады.

18 жасар Максимиллиан Клемент (сол жақта) және 21 жасар Беннедикт Браун Германиядағы жыл сайынғы зиярат шарасында Қасиетті Марияның мүсінін Алтеттингтегі Ханым ғибадатханасына апарады. Ол жерде емдеу салты орта ғасырдан бері жалғасып келеді. Италияның Сиена қаласындағы Катериниана Сан-Доменико Базиликасында Қасиетті Кэтриннің мумияланған бассүйегі бар зиратқа ем іздеген Римдік католиктер ағылады.

Бүгінде 74-ті алқымдаған Модл аяғы жазылғалы бері барып келген қажылықтан зор қуат алғанына еш күмәні жоқ.

Модл мұндай сенімдегі жалғыз адам емес. Флоридадағы рух жайлы пікірталастар немесе Ганга өзеніндегі суға шомылу рәсімдері болсын, айналамызда емдік рухтың мол екенін аңғарамыз. Зерттеулер жүйелі діни шаралардың біздің иммунитетімізді жақсартып, қан қысымын төмендететінін және жасымызды ұзартатынын көрсетеді.

MM8428_160515_008932

Жағдайымызды адам нанғысыз етіп жақсарта алатын тек діни сенімдер ғана емес. Алтеттингтен 10 мың шақырымда тұратын тағы бір адам медициналық ғажайыпқа куә болды. Майк Поулитик денсаулығындағы кінәратты 2004 жылы білді. Бейсбол добын дәлдеп лақтыра алмайтын жағдайға жетті. Кейде аздап қалшылдайтынды шығарды. Ал жұбайы оның бұрынғыдай жымимайтынын байқады.

42 жастағы Поулитикке Паркинсон ауруы ерте жабысты. Дәрігер оның он жыл ішінде жүріп-тұрудан, тіпті тамақ жеуден де қалатынын айтты. Поулитиктің дерті баяу асқынды. Ол жылдар бойы ауруымен арпалысты. Сөйлеуі мен жазуы қиындады, ақыры күйзеліске ұшырады. 2011 жылы ол гендік емдеуді сынақтан өткізіп жатқан «Ceregene» компаниясынан жәрдем сұрады. «Ceregene» компаниясының сынақтары сырқат адамның бас сүйегіне қос ұңғыма жасап, ми жартышарларындағы көзделген аймаққа төте ине салу арқылы жүзеге асырылады.

MM8428_160515_009532

Ex­votos немесе суреттер түрінде ұсынылған сыйлар Италияның Монтефортино қаласындағы Мадонна Дел’Амро храмының мінәжәт бөлмесінде толып тұр. Бұлар емге деген үмітпен немесе алғыс үшін қалдырылған. Зерттеулерге сүйенсек, діни шараға жүйелі түрде қатысып тұру денсаулықты айтарлықтай жақсартады.

Поулитиктің отадан кейін оңалып кетуі таңдай қақтырады. Сынаққа дейін оның жүріп-тұруы қиын еді. Ол жұмыс істейтін технология компаниясының тұтынушыларына сылбыр сөйлеуін ішімдіктен емес екенін ылғи түсіндіріп әлек болатын. Емнен кейін оның қалшылдауы жоғалды. Қимылы жеңілдеп, біршама анық сөйлей бастады.

Сынақ жүргізуші дәрігер Кэтлин Постонның қуанышында шек жоқ. Шынтуайтына келгенде, науқас адам Паркинсон дертінен ешқашан құлантаза айығып кетпейді. Ең тәуір деген ем тек аурудың белең алуын бәсеңдетеді. Тіпті, бұның өзі де өте сирек.

2013 жылдың сәуір айында «Ceregene» сынақтың нәтижесін жариялады. Емделген сырқ аттарда бақылау тобындағы плацебо емін қабылдаған, яғни, бас сүйегіне жалған ұңғыма отасы жасалып, шын ота жасалғандай әсер қалдырған сырқаттармен салыстырғанда нәтиже онша дұрыс болмады.

Без-имени-1

Позитрондық-эмиссиондық томография сканері Паркинсон сырқатының миында екі жағдайда да бірдей допаминнің бөлінгенін көрсетіп тұр. Бірінде L-dop атты дәрі тағайындалса (сол жаққысы), екіншісінде инертті дәрі, яғни, плацебо берілген. Плацебо әсерінен туындайтын сенім жүйке ауруын емдеуде өте нәтижелі болады.

САРА ЛИДСТОН, БРИТАНДЫҚ КОЛУМБИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Бұл Постонға ауыр тиді. Десе де, ол кейбір мәліметтерді қарап шығып, төбе шашы тік тұрды. Майк Поулитикке ешқандай ота жасалмаған. Ол плацебо емін ғана қабылдаған болып шықты.

Емшілік дәстүр санамыздағы сауығуға деген үмітпен өзіне тартады. Мұндай зор үміт плацебо әсерін тудырады. Ол бойымызда болып жатқанның бәріне ықпал етеді. Ғалымдар бұл жайлы ондаған жылдар бұрын біліп, оны бақылау тобына емдеу сынақтарында пайдаланған. Енді олар плацебоны жүйкенің химиялық тетігі ретінде, рух пен дене, сенім мен тәжірибе арасындағы жалғаушы деп қарастыруда.

Сенім күші адамды қалайша дертінен айықтырады? Театрды елестетейік. Қойылым көрсетудің маңызды бөлігі – сахна және костюм. Поулитиктің жағдайының оңалуына негізгі себеп – бастан кешкен барлық нәрсе: ақ халатты дәрігерлер, мойындарындағы стетоскоптар, медбикелер, сынақтар, тіпті емхана ішіндегі әуен тағы басқалар. Емхананың бұл көрінісін дәрігерлер кейде «театрлық медицина» деп атайды. Мұндай сахналық дүниелер кей кездері емдеу дің түрлі саласына пайдаланылады әрі бейсана деңгейіне дейін әсер етеді. Қымбат плацебо арзан плацебоға қарағанда жақсы нәтиже береді. Брендтік сандықшаларға салынып ұсынылатын плацебо қарапайым плацеболардан тиімдірек келеді.

Емханаға кіре бергенде көзге көрінбейтін белгілер бойымызда бейсаналы түрде реакция береді.

Әйтсе де, жалған оталардың әсерінің жоғары болатыны байқалады.

Таңғаларлығы, плацебоны қабылдап жатқан науқас оның жалған екенін білсе де, оң нәтиже білінді. Бұл жайт Гарвард университетінің зерттеушісі Тед Капчуктың зерттеу тобымен бірге 2010 жылы жариялаған мақаласында баяндалған. 21 күн бойы плацебомен емделген ішек жолы сырқатына шалдыққандар ем қабылдамаған басқа ұқсас сырқаттармен салыстырғанда өздерінің жақсарып қалғанын айтқан. Олардың қатарында плацебо қабылдап жатқанын сынақ алдында (және сынақ соңында) білген сырқаттар да бар. Бұл сынақ науқас пен дәрігер арасындағы ынтымақтастықтың арқасында емнің жақсы нәтиже беруіне сенім тудыратын өзекті фактор екенін көрсетті. Сырқаттарға плацебо қуаты мен оң көзқарастың маңыздылығы түсіндірілді. Оларға плацебо таблеткаларының кейбір ауыр клиникал ық сынақтарда науқастың өзін-өзі емдеу үдерісіне себеп болғаны айтылған. Капчуктың бұрынғы әріптесі Карин Йенсен  бүгінде Стокгольмдегі Каролинска институтының зертханасын басқарады. Оның жобалаған сынағы бейсаналық баптаулар арқылы адамдарда плацебо әсерінің болу-болмау мүмкіндігін қарастырады.

Стэнфорд университетінде өткізілген сынақта Майк Поулитик Паркинсон ауруын емдеу үшін өзіне ота жасалды деп сенді. Олай болмаса да сынақ айтарлықтай көмектесті. «Плацебо немесе басқа дәрінің әсері ме, әйтеуір тәуір болдым», – дейді ол.

Стэнфорд университетінде өткізілген сынақта Майк Поулитик Паркинсон ауруын емдеу үшін өзіне ота жасалды деп сенді. Олай болмаса да сынақ айтарлықтай көмектесті. «Плацебо немесе басқа дәрінің әсері ме, әйтеуір тәуір болдым», – дейді ол.

Сынақтың баптау кезеңінде науқастарға экраннан қас қағым сәтте ауысып тұратын түрлі бет-бейнелер көрсетілді. Бұл уақыт ішінде бейнені ажырату мүмкін емес. Ал сырқаттардың екінші тобына бет-әлпетті саналы түрде ажыратуға жеткілікті уақыт бөлінген.

MM8428_160705_015393

Дәрігерлер миына микроэлектродты енгізіп жатқанда Рассел Прайс ояу жатты. Ол Паркинсон ауруы тудырған ми бөлігіне DBS стимуляциясын қабылдап жатыр. Прайстың сөйлеуі жақсарып, қалшылдауы азайғаннан кейін ол өзін мүлде басқа адамдай сезініп жүр дейді жұбайы.

МАКНАЙТ МИ ИНСТИТУТЫНДА ТҮСІРІЛДІ.

MM8428_081716_00641

МАКС АГИЛЕРА ХЭЛВЕГТІҢ СУРЕТТЕРІ ФЛОРИДА УНИВЕРСИТЕТІ ЗЕРТТЕУШІСІ КЕЛЛИ ФУТ БЕРГЕН РЕНТГЕН СУРЕТТЕРІ

45646

декабрь-мастер-типографияга-77

Бірінші кезеңде суреттерді көрсетумен қатар сырқаттардың білегіне жылу берілді. Бірінші бет-бейне көрсетілгенде ыстық, ал екіншісі ұсынылғанда қалыпты жылу берілген. Сынақтың екінші кезеңінде бейнелер ауысқанымен, жылу деңгейі екі бейнеде де төмен қалпында қалған. Алайда бұл жолы екінші топпен қоса жылдам ауысқан бейнені көрген бірінші топтағы сырқаттар да бірінші бет-бейнені көргенде білегінің ауыратынын айтқан. Бұл жағдай науқастардың бірінші суреттегі бет-бейне мен ыстық арасында бейсаналық байланыс орнатқандығын көрсетті.

Аталмыш сынақ плацебо әсерін бейсаналы түрде қалыптастыруға болатынын дәлелдеді. Йенсен: «Емханаға кіре бергеніңізде көзге ілінбейтін майда белгілер бойымызда бейсаналы түрде реакция береді. Емнің жартысы бейсаналы түрде жүреді. Бұл түйсік арқылы жүзеге асатын нәрсе», – дейді.

MM8428_160525_013657

Емханалар «сенім театрының» жиі орын алатын алаңының бірі ғана. Емге деген үміт оты негізінде, ауруды жазатын сан түрлі балама тәсілдер бар. Олар – гомеопатия, акупунктура, дәстүрлі қытай дәрі-дәрмектері, несеп  терапиясы, сиыр тезегі таблеткалары, бетке қан құю косметикалық процедуралары, дәрумендер инфузиясы, дыбыс терапиясы және тағысын тағылар. Бәрінің түрлі деңгейдегі дәлелденген өнімділігі бар.

«Сенім – табиғи дүние. Ол жартылай біздің сана мыздың психологиялық құрылымы мен функциясынан туындайды», – дейді Тания Лурманн. Ол Стэнфорд университетінің антропологы әрі ғұмырының басым бөлігін адамның Құдаймен ықпалдастығын зерттеуге арнаған. Оның айтуынша, сенімге негізделген ем-шара дәрігер емімен қатар емделушінің қайсарлығына да байланысты. «Адамдар басынан өткен тәжірибесін саналы түрде өзгерте алады. Оны үйренуге де болады», – дейді Тания.

Перулік емші Энрике Флорес Агустиннің киім өрнектері емдік рәсім кезінде айтатын дұғасымен байланысты. Стэнфорд университетінің зерттеушілері сынақ барысында транскраниалды магниттік қоздыру арқылы ауырсынуды бәсеңдетуде.

Перулік емші Энрике Флорес Агустиннің киім өрнектері емдік рәсім кезінде айтатын дұғасымен байланысты. Стэнфорд университетінің зерттеушілері сынақ барысында транскраниалды магниттік қоздыру арқылы ауырсынуды бәсеңдетуде.

MM8428_160615_014498

Қатарластар қысымы әсерінен көбейген дәстүрлі плацеболар мидың бөлек бір желісін белсендіре түседі.


Мексиканың шығыс жағалауындағы Веракрус штатында сенімге негізделген емші брухостардың яки тәуіптердің тұратыны туралы естігенім бар. Мың жыл бұрынғы христиандар секілді, олар шаманизм дәстүрі мен Рим католицизмін араластырып адамдарды жөн-жоралғылармен емдейтін көрінеді.

Катеманкодағы заманауи брухостың кеңсесіне бет алғанымда ешқандай от немесе айқайлап жүрген шаманды байқамадым. Кеңсенің күту залы дезинфекция иісі мүңкіген тап-таза бөлме болып шықты. Сөреде пластик тұмарлар және шыны кристалдар тізіліп тұр. Он шақты адам журнал оқып, теледидардан футбол көріп отыр. Брухо мені қарсы алғанда алдымнан шашы қысқа, мұрты бар ақ халатты жігіт шықты.

Мен мұнда лимпиа үшін, яғни рухымды тазартуға келдім. Брухо бір жұмыртқаны, бірнеше  насыбайгүл бұтақшасын және екі-үш бүрікпе құты алып шықты. Бүрікпе құтыларда күндестіктен, теріс энергиядан қорғайтын және байлық әкелетін сұйық бар екені айтылды. Барлығы ретімен әрі таза жүргізілді. Қысқа сұхбаттан кейін ол жан сарайымды тазалауға көшті. Иісі аңқыған майды үстіме молынан бүрікті де, жұмыртқамен бойымды сылап шықты. Сосын, не болғанын тексере бастады.

Маған жақсы таныс бұл шаралар мексикалық брухостар арасында кеңінен тараған. Бірақ мені таңғалдырғаны, бұл емде салт-жоралғылық ештеңе болмады. Рәсімдерден гөрі клиникалық күй басым болды. Брухос тізем мен белім жайлы сұрап (екі жерім де сау еді), қуығымның болашақта ауыруы мүмкін екенін ескертті. Рентген суретін түсіндіріп тұрған дәрігер сияқты жұмыртқаның ағында көпіршігі барын, жақын бір танысым маған қызғаныш білдіріп, ауырғанымды тілейтінін айтты.

Балтимор қаласы Мэриленд университетіндегі плацебо маманы Луана Коллоа құпия әсердің тағы бір себебін анықтады. Ол — өзгелердің басынан өткен сырқат туралы ойлауымыз. Алдыңғы сынақтар көрсеткендей, ұқсас бейне көрсетіліп, қоздыру деңгейі азайтылса да fMRI құрылғысы мида бұрынғысынша мазасыздық белгілерін байқаған.

Балтимор қаласы Мэриленд университетіндегі плацебо маманы Луана Коллоа құпия әсердің тағы бір себебін анықтады. Ол — өзгелердің басынан өткен сырқат туралы ойлауымыз. Алдыңғы сынақтар көрсеткендей, ұқсас бейне көрсетіліп, қоздыру деңгейі азайтылса да fMRI құрылғысы мида бұрынғысынша мазасыздық белгілерін байқаған.

Біржола көңілім қалды. Қайтарда әлдененің жетіспейтінін сездім. Салт-жоралғы емі қайда кетті?! Көшеде бара жатып бәрін түсіндім. Иә, халық тілегі өзгеріп отырады. Бір ұрпақ ауысқанда Катемакода заманауи медицина кең тарады. Бұрындары би арқылы қауырсынмен ұшықтау сенім ұялататын. Дей тұрғанмен, қазіргі брухостар заманға бейімделе, ақ халат және антисептикалық бүрікпелерді өздерінің мистикасымен біріктіріп, сырқаттардың сенімінен шыға білді. «Театрлық медицина» деген осы.

Шыны керек, біраз жеңілдеп қалдым.

Сонымен, театрлық медицинаның ем-дом жасау бағыты қандай? Емге деген сенімнің құдіреті қаншалықты зор?

Йенсен көрсеткендей, құпияның сыры – баптауда. Павловтың сынағын еске алыңыз. Қоңырауды ести сала иттің сілекейі шұбырады. Бұның себебі – Павлов тамақ пен дыбыс арасындағы байланысты анықтау мақсатында итті күтіп-баптады.

Біздің плацебо әсерінен туындайтын ауырсынуға деген жауабымыз – миымызда бөлінетін химикаттар. Яғни, ағзамызда синтезделген эндорфин нің апиын сияқты ауруды бәсеңдететін қуаты бар. 1970 жылдары Сан-Франциско нейрологтары ағзадағы опиоидтардың ауруды қалай бәсеңдететіні жөнінде бір қызықты байқаған.

Зерттеушілер плацебо және налоксон (опиоид тардың әсерін тежейтін дәрі) қабылдаған топтың жағдайын салыстырды. Сырқаттардың ешқайсысына ауырғанды басатын дәрі берілмеді және беріледі деп те айтылмады. Нәтижесінде, барлығы аурудан күйзелді. Сосын ғалымдар сынақты қайта жобалап, науқастардың бір тобына морфин, екіншісіне плацебо және келесі бір тобына налоксон берілетінін айтты. Дегенмен, кімге қандай ем тағайындалғанын ешкім де, тіпті зерттеушілердің өздері де білмеді. Бұл жолы кей науқас морфин қабылдамаса да өзін жақсы сезінгенін айтқан. Олардың емге деген үміті миларынан эндорфин бөлініп шығуына әсер етіп, ауруын бәсеңдеткен. Ал налоксон қабылдасымен ауруы қайта қозды. Бұл дәрі плацебо әсерінен бөлінген эндорфиннің күшін жойып жіберген.

«Егер сізде ауруыңызды бәсеңдетуге деген үміт болмаса, плацебо әсері де көмектеспейді», – дейді Ховард Филдс. Ол Сан-Францискодағы Калифорния университетінің құрметті профес-соры және аталмыш зерттеу авторларының бірі.

MM8428_160105_000387

Аризона штаты Навахо қорығында 75 жылдан астам емшілікпен шұғылданып келе жатқан Джонс Беналли науқастың санасын емдеу арқылы ауруын жеңілдетеді. Ол хоган деп аталатын лашықта және емханалар мен қарттар үйінде жұмыс істейді.

Біз ауырсынуды елемейміз емес. Қайта өз-өзімізді шынайы емдейміз. Яғни, плацебо емінің нәтижелі болатынына сенеміз.

Одан кейін баптау әдісі сенімнің денедегі басқа да химикаттардың бөлінуіне әсерін зерттеуге пайдаланылды. Тек 2000 жылдардың басында ғана ғалымдар бұл әсерлердің мида қандай жағдай тудыратынын түсіне бастады. Тор Вейгер ол кезде Мичиган университетінің PhD докторанты еді. Ол екі науқастың миын сканер леп зерттеді. Қос сырқаттың білегіне крем жағып, электр тоғымен ауыр соққы немесе жылу беретін электродтар тақты. Ол сырқаттарға жағылған бір кремнің ауырсынуды бәсеңдететін қуаты барын айтты. Алайда екі түрлі кремнің де ешқандай ауырсынуды басатын қасиеті жоқ еді. Бірнеше баптаудан кейін сырқаттар «ауырсынуды бәсеңдететін» крем жағылған білектің ауырғаны басыла бастағанын сезді. Соңғы сынақта ауыр соққының өзі жай шымшығандай боп сезілген. Міне, бұл белгілі қалыпқа сәйкестендірілген типтік плацеболық жауап.

Сынақтың ең тартымды бөлігі – ми суреттерінің көрсеткіштері. Қалыпты ауырсыну жарақат алған жерден басталып, қас-қағым сәтте омыртқа жұлынымен жоғары келеді. Сосын сигналды ауру деп қабылдайтын мидағы желілік аймаққа жетеді. Ал плацеболық жауап мидан басталып кері бағытта жүзеге асады. Мидың алдыңғы қыртысы емге деген үміт сигналын мидың басқа аумағына жібереді. Бұл аумақ опиоидтар бөліп шығарып, жұлын арқылы оны төмен жібереді. Бұл ауруды елемейміз деген сөз емес. Қайта айығуға деген үміттің арқасында өзөзімізді ерекше күйге бөлеп, емдейміз.

«Нық сенім мен жүйелі тәжірибе бірге жұмыс жасаса, нағыз ем сол болмақ», – дейді Вейгер. Ол Колорадодағы Боулдер университетінің профессоры әрі сондағы неврология зертханасының директоры.

Сенім мен тәжірибе рецептісі зертханадан клиникалық қолданыстарға жол тартты. Кристофер Спивак Мэриленд штаты Бетесда қаласындағы Уолтер-Рид Ұлттық Әскери Медицина орталығының нарколог дәрігері.

Спивак науқастармен алғаш жолыққанда олардың жарақаты немесе ауру тарихы жайлы сұрамайды. Себебі, барлығы құжаттарында көрсетілген. Керісінше, өздері жайлы сұрайды. Бірі бала кезінде үйінің сыртында бір түп сүйікті эвкалипт ағашы болғаны жайлы немесе жалбыз дәмді кәмпитті ұнатқаны жайлы айтуы мүмкін. Осылайша, Спивак оларға ауру бәсеңдеткіш бергенде эвкалипт майын иіскетеді немесе жалбыз дәмді кәмпит береді. Спивак хабардар болған ақпараттың барлығы емге септігін тигізеді. Уақыт өте келе, Йенсеннің бет-бейне немесе Вейгердің крем сынақтарындағыдай (Павловтың итке жасаған сынағы да осы қатарда) бұл науқастар да сенсорлық тәжірибе мен дәрі арасында байланыс орната бастайды. Біраз уақыттан соң Спивак дәріні тоқтатып, тек дыбыс немесе иісті ғана ұсынады. Қажетті ем үшін сырқаттардың миы ішкі емдік қызметке көшеді.

Тор Вейгер басқаратын зертхана мүшесі Лони Коубан осыдан екі жыл бұрын плацебо зерттеуін басқарды. Ғалымдар пациенттің жазылу үмітін зерттеу барысында баптау мен театрлық медицинаның маңызын жете түсінді. Ал Вейгер ауыруға әсер ететін үшінші фактор – өзге сенушілерді сынамақ болды.

Зерттеушілер плацебо әсеріне жасалған алдыңғы сынақтардағыдай науқастардың білегіне ыстық беріп, олардан қаншалықты ауыратынын бағалауды сұрады. Еріктілер экраннан бұған дейін сыналғандардың өз ауырсынуын қалай бағалағанын хэш белгілері арқылы көріп отырды. Олар бірқалыпты берілген белгілерді алдыңғы қатысушыларға ұқсап айнытпай көрсеткен.

Нәтиже айтарлықтай болмады. 1950 жылдары «Аш сынақтары» деп аталатын бірқатар тәжірибе көпшіліктің пікіріне сәйкес келу үшін адамдардың біле тұра үнемі қате жауап беретінін көрсетті. Коубан мен Вейгерді таңғалдырғаны – әлеуметтік ықпалдың пәрменділігі. МРТ-мен жасалған зерттеулер әлеуметтік қысым күшейгенде мидың бір-бірін толықтырып тұратын бөлек желісінің арқасында дәстүрлі плацебоның көбейетінін көрсетті. Коубан бұны былай деп түсіндірді: «Әлеуметтік ақпарат науқасқа күту мен бейсаналық белгілерге қарағанда әлдеқайда зор ықпал етуі мүмкін. Ол бізге терең ықпал етеді. Тек эмоционалды тұрғыда емес, сондай-ақ ауыру мен сауығу секілді факторларға да әсер етеді».

Мұндай тәжірибе діннің, Карл Маркс айтпақшы, халық үшін әсерлі болатынын көрсете алады. Айналамыз кәміл сенсе, бізде бек сенеміз, үміттенеміз.

Топтық сенімнің қуаты басқа жерлерден гөрі зиярат етушілерден анықбайқалады. Мәселен католиктердің Франциядағы Лурдке сапары, мұсылмандардың Меккеге қажылығы, Үндістанда әр 12 жыл сайын өтетін Маха-Кумбха-мела рәсімі. 2013 жылдың ақпан айында өткен соңғы рәсімге 70 миллион үнділік қатысты.

2016 жылдың мамыр айы. Баварияның салқын таң дарының бірі болатын. Жолда  Алтеттингтегі Қара Мадоннаға зиярат етуге бара жатқан Ричард Модлгенге кезігіп қалдым. Бүгінде Алтеттингтегі Қара Мадоннаға жылына бір миллионға жуық адам келеді.

«Мен қосылған топ таңғы үште жолға шықты. Таңғы асқа аз кідіргенде жолаушылар көңілді әңгімеге көшіп, жаңбырда саяхаттың қайта басталуын күтті. Жол жүруге жүрексінген едім. Себебі, үш ай бұрын тобығыма ота жасатқан болатынмын. Әйтсе де, ниеттес  зияратшылардың арасында аяғымның ауырғанын сезбей де қалдым.

Мұнда әрбір адамның келуінің себебі бар. Десе де, барлығы бір-бірі үшін келді десек артық айтқандық емес», — дейді 27 жыл бойы осы жерге келген діндар-ардагер Маркус Бруннер.

Грейс капелласы ex-votos-пен, яғни, ішінен сыртына дейін жүздеген жылдан бергі түрлі ғажайыптар мен біз елестете алатын күллі сырқаттардың суретімен безендірілгенін байқадық. Қабырғаға Қара Мадонна емдеген келушілер мен зияратшылар қалдырып кеткен түрлі таяқтар, балдақтар сүйеулі тұр. Сауығуға деген үміт оты әлі де сөнген жоқ.

«Адамдар енді басқаша ойлайтын болды. Дұға шынымен адамды емдейтін сияқты», – дейді Томас Заунер. Ол психотерапевт және діндар. Ал Алтеттингке мүгедек баласына қолдаушы іздеп көшіп келіпті.


Erika_Larsen_6814

Фотограф Эрика Ларсен осы зерттеуге ерекше үлес қосты. Бұл мақаладағы кей материалдарды National Geographic Books шығарған Эрик Вэнстің «Сезімталдық» атты кітабынан оқи аласыз.

МАРК ДИССЕН, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

    

Пікір жазу