Сегізаяқ

Тропик пен полюстердің арасындағы мұхиттарда сегізаяқтың небір таңғажайып түрі бар. Вундерпус деп те аталатын Wunderpus photogenicus сегізаяғы Үнді­Тынық мұхит алабының жылы әрі таяз суларында тіршілік етеді.

Тропик пен полюстердің арасындағы мұхиттарда сегізаяқтың небір таңғажайып түрі бар. Вундерпус деп те аталатын Wunderpus photogenicus сегізаяғы Үнді ­Тынық мұхит алабының жылы әрі таяз суларында тіршілік етеді.

СУРЕТ КОЛДУЭЛЛ ЗЕРТХАНАСЫНДА ТҮСІРІЛГЕН, КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ, БЕРКЛИ

«Қиуадан шауып, қисынын тауып» кете беретін осы бір ақылды мақұлық біздің арамызда қайдан жүр?

Автор: Оливия Джадсон Фото: Дэвид Лиитшвагер

Өзіңізді Индонезияның Лембе аралы жағалауындағы теңіз түбінде отырмын деп елестетіңіз. Тереңдігі бес метр. Айнала жап-жарық. Тропиканың суы, әлбетте, жылы болады. Көз алдыңызда – кей жерін жасыл теңіз балдыры жапқан толқын-толқын қарасұр құм. Жан-жағыңызға бажайлай қарап едіңіз, көзіңіз қабыршақты шалып қалды. Сырты қатты, алты мүйізшесі менмұндалап тұр. Шамасы, иесі ішінде болу керек. Ол әлдеқашан өліп қалып, қабыршақты шаян иемденіп алуы да ғажап емес. Қызық көріп, оны аударып жіберіп едік… жыпырлаған сорғыштар мен екі көз жарқ ете қалды.

Ғылыми атауы әлі табыла қоймаған түрге жататын мына аналық сегізаяқ жұмыртқаларын қорып жатыр. Ұрықтары жұмыртқа жарып шыққаннан кейін ол өледі. Көптеген түрінде аналықтар бір­ақ мәрте жұмыртқалайды. Сол себепті, жас сегізаяқтар «өз күндерін өздері көрмесе» болмайды.

Ғылыми атауы әлі табыла қоймаған түрге жататын мына аналық сегізаяқ жұмыртқаларын қорып жатыр. Ұрықтары жұмыртқа жарып шыққаннан кейін ол өледі. Көптеген түрінде аналықтар бір­ақ мәрте жұмыртқалайды. Сол себепті, жас сегізаяқтар «өз күндерін өздері көрмесе» болмайды.

СУРЕТ КОЛДУЭЛЛ ЗЕРТХАНАСЫНДА ТҮСІРІЛГЕН, КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ, БЕРКЛИ

Сегізаяқ. Дәлірек айтсақ, кокос сегізаяғы аталып кеткен Amphioctopus marginatus. Оның бұлай аталуы сегізаяқтың кокос жаңғағының қабығын паналайтын әдетіне байланысты (кейде сегізаяқ тіпті жаңғақ қабығын арнайы жинап, оны қиын-қыстау сәтте қорғаныш есебінде пайдаланады). Жалпы, кез келген үлкен қабыршақ та жарай береді.

Осы сегізаяқтың сорғыштардан бөлек, екі жарты қақпақшасы бар. Оларды ашып, ақырын сығалап қояды. Құдды, айналаны бақылап тұрғандай. Тіпті, қатып қалған мүсін деп те қаласың. Сәлден кейін ол қабыршақтан шығады. Дене тұрқы бас бармақтай-ақ, ал қармауыштары үш еседей ұзын. Құм бетімен жылжыған ол денесінің түсін қарасұр түске өзгерте қойды. Сонда қашып бара жатқаны ма? Жоқ. Ол қармауыштарының жартысын құмның бетіне жайып жіберіп, қалғанын қабыршақтың бетінде ұстайды. Қармауыштарын жинап, қабыршақтың ішіне кіріп кетуіне бір-ақ ұмтылыс жетіп жатыр.

Оны мазалай бермей, кетуге ыңғайланғаныңызда, оның шалт қимылын байқап қаласыз. Қабыршақтың астындағы құмды тазалау үшін суды бүркіп қалды. Теңіз табаны мен қабыршақтың ортасында кішігірім қуыс пайда болып, ол жерден екі көз қайта жарқ етті. Сіз оған жақындаған сәтте, көздеріңіз түйісіп қалды. Омыртқасыздардың ішіндегі бізге ең жақыны осы сегізаяқ болса керек. Оның сізді бақылағандай болып тесіле қарауының өзі-ақ осындай ойға жетелейді (көптеген омыртқалылардан да ерекшеленетін тұсы осы. Мысалы, балықтар сізге олар сияқты қадала қарамайды). Оның адамдарға ұқсайтын тағы бір қасиеті – ептілігі. Сегіз қармауыштың жіптей тізілген сорғышы заттарды өз ыңғайына қарай бейімдей алады. Қабыршақты ашу, аквариумның сүзгі жүйесін бүлдіру немесе банкалардың қақпағын бұрау ол үшін қалыпты шаруа. Бұл оны дельфин сияқты сүтқоректілерден де ерекшелендіріп тұратын бірден бір қасиет. Дельфиндер қанша жерден ақылды болғанымен, ештеңені бұрай алмайды.

Тұрқы қысқа, денесі үлкен, қармауышы қысқа сұр сегізаяқ (Octopus pallidus) Аустралияның оңтүстік­шығысындағы суларда тіршілік етеді. Өз жемтігін (бақалшақты ұлулар) түнде аулайды.

Тұрқы қысқа, денесі үлкен, қармауышы қысқа сұр сегізаяқ (Octopus pallidus) Аустралияның оңтүстік­шығысындағы суларда тіршілік етеді. Өз жемтігін (бақалшақты ұлулар) түнде аулайды.

Солай бола тұра, бөгде ғаламшар иелері сияқты олардың ерекшеліктері өте көп. Атап айтқанда, сегізаяқта үш жүрек бар және қанының түсі көк. Қауіп төнген сәтте ол сия түстес сұйықты шашып жіберіп, басқа бағытқа зу ете қалады. Сегізаяқта сүйек жоқ. Денесінің қатты жері – тотықұстың тұмсығына ұқсас тістері мен мидың айналасындағы шеміршек қана. Соның арқасында ол арнайы сегізаяқт арға арналған аквариум болмаса, Гудини сияқты кез келген ұсақ тесіктен өтіп, қашып кетуге аса қабілетті. Сегізаяқтың бойындағы әр сорғыш жеке-дара қимылдап қана қоймай, әрқайсысы дәм айыра білуге де қабілетті. Денеңізде жүздеген тіл бар екенін елестетіңізші! Терісіндегі ұяшықтар жарықты сезе біледі. Енді, тағы бір сегізаяқпен танысайық.

Сіз Лондон Жаратылыстану музейінің терезесіз, шағын бөлмесінде тұрсыз дейік. Құжаттарға толы үстелдің үстінде теп-тегіс, үлкен сұрқай тас жатыр. Ақ-сары шашты, жирен сақалды, етжеңді келген дат жігіті Джейкоб Винтер сол тас туралы әңгімелеп тұр.

Винтер – Ұлыбританияның Бристоль университетінде омыртқасыздардың қаңқасын зерттеуші ғалым. «Мынау – бояу без. Дәлірек айтсақ, пигмент. Химиялық қоспалар арқылы сақталып қалған меланин», – дейді ол.

Еңкейіп қарайсыз. Таста сегізаяқтың бейнесі ап-анық көрінеді. Өзі соншалықты үлкен де емес. Ұзындығы шамамен 25 см-дей. Ішінде қабырға, жүрек және басқа да өмірлік маңызды органдар орналасқан қап тәрізді мантияның орны байқалады. Ортасындағы қара дақ – бояу без. Қармауыштары салбырап тұр. «Анау бір кішкентай шеңберлер – сорғыштар», – дейді Винтер.

Мына бір Abdopus aculeatus деп аталатын сегізаяқ әзір ғана бояу шашып үлгерді.Сегізаяқтар бояуды қатер төнген сәтте шашады. Қара­қошқыл түске айналатын бояу жыртқыштардың назарын басқа жаққа бұрып жібереді. Бұл ертеден келе жатқан әдіс. Бояу қалташалары табылған сегізаяқ қалдықтарының жасы 300 миллион жылдан асып кетеді.

Мына бір Abdopus aculeatus деп аталатын сегізаяқ әзір ғана бояу шашып үлгерді. Сегізаяқтар бояуды қатер төнген сәтте шашады. Қара­қошқыл түске айналатын бояу жыртқыштардың назарын басқа жаққа бұрып жібереді. Бұл ертеден келе жатқан әдіс. Бояу қалташалары табылған сегізаяқ қалдықтарының жасы 300 миллион жылдан асып кетеді.

СУРЕТТІҢ ТҮСІРІЛГЕН ЖЕРІ DIVE GIZO, СОЛОМОН АРАЛДАРЫ

Ежелгі сегізаяқтың қалдықтары өте сирек кездеседі. Әдетте жұмсақденелілер мүлде сақталмайды. Жасы, шамамен, 90 миллион жыл деп есептелетін мына қалдық ең көне сегізаяқ болып табылады. Динозаврлар ол тіршілік еткен заманнан кейін де 25 миллион жыл өмір сүрді. Винтер: – «Бұл қалдық жұмсақденелілердің алуан түрі керемет сақталып қалған Ливаннан жеткізілді», – дейді. Жыланбалықтар, жұлдызқұрттар – барлығы да әлдебір заманда жоғалып кеткен теңіз табанындағы әк сазда көміліп жатыр.

Адамдардың сүтқоректілер класына жататыны сияқты, сегізаяқтар басаяқтыларға жатады. Бұл атау олардың қармауыштары бастың бір жағына, қап пішіндес «денесі» екінші жағына тікелей біткен тылсым анатомиясынан туындап отыр. Ал басаяқтылардың өзі құрамына құрсақаяқты , шырышты, қосжақтаулы ұлулар мен устрицалар тобы кіретін ұлудың бір түрі болып табылады.

Басаяқтылар – теңізде аңшылық құрған алғашқы жыртқыштардың бірі. Балықтардан өте ерте – 500 миллионнан астам жыл бұрын пайда болған олар әуелде сиқыршы қалпағы пішіндес болатын. Егер де, осыдан 450 миллион жылға кейін шегіне қалсаңыз, мұхиттардағы ең сойқан жыртқыштардың бірі  қабыршақ жамылған басаяқтылар болып шығар еді. Олардың ішінде айырықша алып денелілері де болғанына күмән жоқ. Ертеректе жоғалып кеткен Endoceras giganteum атты ұлудың ұзындығы бес метрден асып жығылған.

декабрь-мастер-типографияга-98

Омыртқасыз жануарлардың ішіндегі бізге ең ұқсасы – сегізаяқ. Әсіресе, оның сізді «оқып» тұрғандай көзіңізге қадала қарағаны ғажап.

Бүгінде тірі басаяқтылардың 750-ден астам түрі бар екені анықталды. 300-ге жуық сегізаяқтарды есептемегенде, олардың қатарына кальмар мен каракатица (әрқайсысының 10 аяқ-қолы бар) һәм негізінен қабыршақта тіршілік ететін 90 мұртшасы бар наутилус сынды ұлу түрі кіреді.

Enteroctopus dofleini атты Тынық мұхит сегізаяғы ірі денелі. Әр қармауышының ұзындығы екі метрге жетіп, жалпы салмағы 100 келіден асып кетеді. Ал Octopus wolfi сияқты өте кішкентай сегізаяқтардың салмағы 30 грамға да жетпейді. Кейбір сегізаяқтардың денесі кішкентай болғанымен, қармауыштары айтарлықтай ұзын болады. Көпшілігінің денесі мен қармауыштары шамалас. Сегізаяқтардың дені маржантас, батпақ немесе құмның айналасында жыртқыштардан тығылып, я болмаса ерсілі-қарсылы жүзуді әдетке айналдырса, шамалы бөлігі мұхит ағыстарында серуен құрады. Сегізаяқтарды тропик пен полюс, маржантас пен тегіс құм, тоспа су мен тұңғиық теңіз аралығынан кездестіруге болады.

Лембеге қайта оралайық. Таң мезгілі. Теңіз жартастары маңындағы тайыз суда шомылып жүрмін. Жолбастаушы Амба есімді жігіт қолымен сегізаяқты нұсқап жатыр. Өзі үлкен дейді. Айнала түрлі-түсті коралл мен көпіршікке көмілген жартастар, басқа түк жоқ. Мынау не өзі? Иә, иә, ана бір қара-қоңыр коралл. Жоқ, коралл емес екен. Ол Octopus cyanea атты күндіз тіршілік ететін сегізаяқ. Үлкендігі табақтай! «Көрмес – түйені де көрмес» деген осы-ау.

Cегізаяқтар түр мен түс өзгертуден алдына жан салмайды. Олар айналасындағының түсін бір демде «көшіріп» ала қояды. Мына Callistoctopus Alpheus атты Тауешкі түнгі сегізаяғының үстіндегі дақтар – пигментке толы ұяшықтар. Егер ол оны ашатын болса, оның үсті ақ теңбіл аралас қызыл түске айналып шыға келеді.

Cегізаяқтар түр мен түс өзгертуден алдына жан салмайды. Олар айналасындағының түсін бір демде «көшіріп» ала қояды. Мына Callistoctopus Alpheus атты Тауешкі түнгі сегізаяғының үстіндегі дақтар – пигментке толы ұяшықтар. Егер ол оны ашатын болса, оның үсті ақ теңбіл аралас қызыл түске айналып шыға келеді.

СУРЕТ ТҮСІРІЛГЕН ЖЕР: КВИНСЛЕНД ТҰРАҚТЫ ТЕҢІЗ ТІРШІЛІГІ, АУСТРАЛИЯ

Таяз суда тіршілік етіп, аңшылыққа күндіз шығатын сегізаяқтар мен теңіз құрттары көз алдаудан алдына жан салмайды. Көз алдау – жаңалық емес, әлбетте. Көптеген мақұлық иелерінің түр-түсін өзгертіп жататыны әмбеге аян. Мысалы ана бір қызғылт-сары губканы алайық. Ол – губка емес, алаңсыз жүзген балықтарды аңдып отырған бақа тектес балық. Ана бір құмның үстінде қалқып жүзген жапырақ та – жапырақ емес, сол кейіпке еніп алған балық. Бірақ мына бір баяу қалқыған жапырақ – жапырақтың нақ өзі. Жылжып бара жатқаны да анық. Тек оны теңіз шаяны өз қабыршағына жапсырып алған. Анау құйтымдай желайдар – шынтуайтында, гүл болып «киініп» алған шырышты ұлу. Айнала түгел көтеріліп, жүріп бара жатқан (құм түстес қабыршағы бар кішкентай шаяндар), жүзіп бара жатқан (құм түстес камбала) құм қабаттары.

Cегізаяқтар мен теңіз құрттарының (ішіне аз-кем кальмарларды да қосуға болады) басқалардан өзгешелігі – олар жүзіп бара жатып-ақ түр-түсін бірде коралл, бірде түп балдыр, немесе бір уыс құм сияқты өзгерте береді. Мұны қоршаған ортадағы заттардың үш өлшемді бейнесін жасай алатын терілері арқылы жүзеге асырады. Сонда қалай?

Тауешкі түнгі сегізаяғы зулап бара жатыр. Ол суды көзінің астындағы құбыр іспеттес сифон арқылы шығару үшін денесіндегі бұлшық етті іске қосады.

Тауешкі түнгі сегізаяғы зулап бара жатыр. Ол суды көзінің астындағы құбыр іспеттес сифон арқылы шығару үшін денесіндегі бұлшық етті іске қосады.

СУРЕТ ТҮСІРІЛГЕН ЖЕР: КВИНСЛЕНД ТҰРАҚТЫ ТЕҢІЗ ТІРШІЛІГІ, АУСТРАЛИЯ, АУСТРАЛИЯ

Сегізаяқ түр-түсін үш түрлі жолмен өзгертеді. Оның біріншісін яғни түсті пигменттер мен рефлекторлар жүйесі арқылы «өндіреді». Әдетте сары, қоңыр һәм қызыл түсті қамтитын пигменттер терінің беткі қабатындағы мыңдаған ұсақ ұяшықтарда сақталады. Олар жабылған мезетте кішігірім дақ сияқты болып қалады. Пигментті көрсететін кезде сегізаяқ ұяшықтың маңайындағы бұлшық еттерді жиырса болды, бояу ашыла қалады. Денедегі өрнектің шеңбер, жолақ, я теңбіл болуы сегізаяқ ұяшықтың қай қатарын ашып-жабуына байланысты өзгеріп отырады. Жарық қайтарғыш ұяшықтар екі жұмыс атқарады. Бірінші жағдайда, түскен жарықты шағылыстыру арқылы кері қайтарады да, терінің түсін ақ түс болса – ақ, қызыл түс болса – қызыл етіп көрсетеді. Екінші жағдайда, ол әр тұстан құбылып көрінетін сабынның көпіршіктері сияқты жұмыс істейді. Ал рефлекторлар мен пигмент органдарының біртұтас жұмысы сегізаяқтың сан алуан түс пен өрнек тудыруына мүмкіндік жасайды.

Octopus berrima атты Оңтүстік төңкерілген сегізаяғының сүйікті асы – теңіз шаяндары. Сегізаяқтың барлығында дерлік у бар.

Octopus berrima атты Оңтүстік төңкерілген сегізаяғының сүйікті асы – теңіз шаяндары. Сегізаяқтың барлығында дерлік у бар.

Мына бір көк теңбілді оңтүстік сегізаяғы Hapalochlaena maculosa сияқтылардың уы адамды өлтіруге қабілетті. Бұл үш сегізаяқ та Аустралияда тіршілік етеді.

Мына бір көк теңбілді оңтүстік сегізаяғы Hapalochlaena maculosa сияқтылардың уы адамды өлтіруге қабілетті. Бұл үш сегізаяқ та Аустралияда тіршілік етеді.

PANG QUONG AQUATICUS, ВИКТОРИЯ, АУСТРАЛИЯ

Сегізаяқ қармауыштары өте ерекше. Оның бірі жан-жағын тіміскілеп жатса, екіншісі қуыстарды тексереді. Енді бірі шаяндарды арбаса, қалған екеуі оны ұстап алады.

Түр мен түс өзгертудің екінші элементі – тері бедері. Сегізаяқ арнайы бұлшық етті жиыру арқылы терісін тегіс түрден тікенді түрге айналдыра алады. Көрсеңіз, таң қаласыз! Түтінге ұқсас зат шығаратын Abdopus aculeatus атты балдыр сегізаяғын балдырдан ажырату мүмкін емес. Түр-түсіне байланысты шашты сегізаяқ аталып кеткен тағы бір түрі үнемі алба-жұлба шаш сияқты болып жататындықтан, оны қызыл балдыр екен деп те қаласың.

Түр мен түс өзгертудің үшінші жолы – тұрысы. Сегізаяқтың көзге түсу-түспеуі оның қалай тұрғанына байланысты. Мәселен, кейбір сегізаяқтар коралл іспетті домаланып алады да, екі қармауышымен теңіз түбінде баяу жүзеді (Қарамай-ақ қойшы маған! Жартаспын ғой…).

Тынық мұхит қызыл сегізаяғы Octopus rubescens өзінің сорғыштарын көрсетіп тұр. Оның әрқайсысы өз бетінше жұмыс істейді. Ашылып­жұмылып жұмыс істейтін олар сорып қана қоймай, айтарлықтай күш пен таңғажайып ептілік қасиетіне де ие.

Тынық мұхит қызыл сегізаяғы Octopus rubescens өзінің сорғыштарын көрсетіп тұр. Оның әрқайсысы өз бетінше жұмыс істейді. Ашылып­ жұмылып жұмыс істейтін олар сорып қана қоймай, айтарлықтай күш пен таңғажайып ептілік қасиетіне де ие.

Үлкен көк сақиналы сегізаяқ Hapalochlaena lunulata улы тісімен тістегенде сақиналарын өстіп жайып жібереді.

Үлкен көк сақиналы сегізаяқ Hapalochlaena lunulata улы тісімен тістегенде сақиналарын өстіп жайып жібереді.

Мына Octopus cyanea (оң жақ төменде) атты күндізгі сегізаяқ сияқты жас сегізаяқтар өте жылдам өседі.

Мына Octopus cyanea атты күндізгі сегізаяқ сияқты жас сегізаяқтар өте жылдам өседі.

СУРЕТТІҢ ТҮСІРІЛГЕН ЖЕРІ DIVE GIZO, СОЛОМОН АРАЛДАРЫ

Олар мұндай құдіретке қалай қол жеткізген? Оның жауабы қысқа: эволюция арқылы. Ондаған миллион жыл бойына түр-түсін оңай өзгерте қоятын жекелеген сегізаяқтар жыртқыштардың қақпанына ілінбей, ұрық қалдырып үлгерген сыңайлы. Әйтпесе, сегізаяқты сүйсіне жейтіндер жетіп-артылады. Олардың арасында жыланбалықтар да, дельфин мен ауызаяқтылар да, дәуіт асшаяндар мен көптеген балықтар, суқұзғындар тіпті, сегізаяқтардың өзі де бар. Жыртқыштар сегізаяқтың сүйегі болмағасын, оны тұтасымен жеп қояды. Аустралияның Мельбурн қаласындағы Виктория музейінде тірі басаяқтылардың маманы Марк Норман: «Бұлар әрі-бері жүгіріп жүрген таза ет қой, дап-дайын филе-миньон», – деп қояды.

Енді сегізаяқтың жүйке жүйесі мәселесіне көшсек. Кәдуілгі тоспа ұлуында бар-жоғы 10 000 жүйке талшығы болса, омар тақылеттес ірі теңіз шаянында оның саны 100 000, ал секіргіш өрмекшіде, шамамен 600 000-ға дейін жетеді. Басаяқтылардан кейін омыртқасыздардың ішінде жүйке талшығы ең көп саналатын бал араcы мен тарақанда оның саны миллионға жетіп жығылады екен. Бұл тұрғыда 500 миллион жүйке талшығына ие кәдуілгі Octopus vulgaris сегізаяғының басқалардан ерекшеленетіндей-ақ жөні бар. Жүйке талшығының санына орай, сегізаяқтардың жағдайы тышқан (80 миллион) мен егеуқұйрыққа (200 миллион) қарағанда әлдеқайда жақсы, ал мысықпен (шамамен 700 миллион) пара-пар деуге келеді. Әдетте омыртқалылардың жүйке талшығы негізінен басында орналасса, cегізаяқтардың үштен екісінде олар қармауыштарында болатын көрінеді.

Аустралияның Сидней және Нью-Йорктың Сити университеттерінің биологы, философ Питер Годфри-Смиттің айтуынша, сегізаяқтың күрделі жүйке жүйесінің қалыптасуына бірнеше жайт көмектесуі бек мүмкін. Оның бірі – өзінің денесі. Әрі-беріден соң, жүйке жүйесі денемен бірге қалыптасса да, сегізаяқтың денесі айырықша. Сүйек жоқ болғандықтан да, сегізаяқтың қармауыштары кез келген уақытта, кез келген бағытқа созыла алады. Оның қармауыштары сегізаяққа алуан түрлі қозғалыс жасауға мүмкіндік береді, әр қармауышы өз бетінше жеке іс атқара алады. Осындай артықшылығы бар сегізаяқтың жемтік аулап жатқан көрінісінің өзі бір ғажап! Қармауышын құмның үстіне жайып жіберген сегізаяқ біреуімен айналасын зерттесе, екіншісімен құмды қопарыстырып, үшіншісімен қуыс-қуыстарды тінтіп жатады. Терінің түсі мен бедерін бақылайтын тіндер мен тетіктерді айтпаған күннің өзінде, сегізаяқ денесінде өз бетінше қимылдайтын сорғыштар да бар. Бұдан бөлек ол қаптаған сенсорлық мәліметтерді қабылдап, оны іске асыра да алады. Сорғыштар мәліметті дәм сезу мен жанасу арқылы жеткізсе, тепе-теңдікті статоцист деп аталатын тін бақылап, ал қалған ақпаратты қырағы көздер қадағалайды.

Бұған қоса, сегізаяқтардың көбі қауіп-қатері мол қоршаған ортада тіршілік етеді. Оларға теңіз жартастарының үсті, айналасы мен арасы арқылы өтуге тура келеді. Денесін қорғайтын еш қалқаны жоқ болғандықтан, аса қырағылық танытпаса, тағы болмайды. Түр-түс өзгерісі көмектесе алмайтын жағдайда, олар, тым болмаса, тығылатын жерді білуі тиіс. Жалпы сегізаяқтар жылдам әрі епті болғандықтан, устрицалардан бастап, балық, шаян сияқты мың-сан мақлұқты жей береді. Годфри-Смит тұжырымына сүйенсек, сегізаяқтың ақыл-ойының дамуына сүйексіз дене, қатерлі орта, әр алуан диета, жыртқыштардан бой тасалау сияқты себептер ықпал еткен.

Сегізаяқтардың күрделі жүйке жүйесіне ие екендігі даусыз ақиқат десек, оларды ақылды деуге келе ме? Жалпы жан-жануарлардың ақыл-ойын таразылау өте қиын. Ал сегізаяқтың тұла бойы дап-дайын құрал болғандықтан ол қосымша көмек қажет етпейді. Оған қуысқа кіру үшін қандай да бір арнайы аспаптың қажеті жоқ. Қармауышын созады да, устрицаны ұстап немесе бөлшектеп тастай салады.

Кәдуілгі сегізаяқ Octopus vulgaris­-тің жүйке жүйесі ауқымды Лиитшвагер сегізаяқтарды арнайы жасалған аквариумға салып, артына ақ түс қойды.

Кәдуілгі сегізаяқ Octopus vulgaris­-тің жүйке жүйесі ауқымды Лиитшвагер сегізаяқтарды арнайы жасалған аквариумға салып, артына ақ түс қойды.

СУРЕТТІҢ ТҮСІРІЛГЕН ЖЕРІ FLORIDA KEYS MARINE LIFE

Десе де, 1950 және 1960 жылдары жасалған тәжірибелер кәдуілгі сегізаяқтардың біз ақыл-оймен байланыстыратын негізгі екі белгі – үйрену және есте сақтау сияқты тапсырмаларды жақсы игеретінін көрсеткен. Айта кетер бір жайт, мұндай тапсырмаларға сегізаяқтың миындағы айырықша бөлік – оның тікқатпары жауап береді. Сегізаяқтардың ішіндегі ең көп зерттелгені түрі осы. Сегізаяқ түрлері ми құрылысына байланысты ерекшеленеді. Берклидегі Калифорния университетінің сегізаяқ зерттеушісі Рой Колдуэлл:

– Зертханада жатқандарына қарасам, cоншалықты ақылды деп айтпас едім, – дейді.

– Атын атай аласыз ба?

– Octopus bocki – құртақандай сегізаяқ.

– Сонда неге ақылды емес?

– Қолынан ештеңе келмейтін сияқты, бары сол.

Ал маңыздысы ол емес. Маңыздысы – айналада жүрген олардың таңғажайып көрінісі. Соншалықты әдемілігі!

Ана жартастың үстіне кішігірім балдыр сегізаяғы жайғасыпты.

Ол қозғала жөнелді. Енді бір сәтте қалықтап тұрғандай көрінді. Сосын жайлап жартастың үстімен жылжи бастады. Қия жартастан төмен қарай бет алған сегізаяқ бір қармауышымен кішкентай тесікті тауып алды. Сосын қалған қармауыштарының көмегімен жалма-жан солай қарай беттеді. Тесіктен шыққан қармауыштың ұшы айналаны бір сипап көрді де, ұсақ тастарды жинай бастады. Сосын солармен тесіктің аузын бекітті. Енді алаңсыз ұйықтай беруіне болады.


Осы материалға қажетті суреттерді түсіру үшін Дэвид Лиитшвагер сегізаяқ тыларды арнайы жасалған аквариумға салып, артына ақ фон қойды.

Осы материалға қажетті суреттерді түсіру үшін Дэвид Лиитшвагер сегізаяқ тыларды арнайы жасалған аквариумға салып, артына ақ фон қойды.

СЬЮЗИ РАШКИС

    

Пікір жазу