Шыңыраудан шыққан су

STOCK_2014-15-Stupa

Нина Строчлик

Гималай тауларының жоғарғы жағындағы шөлді алқап көгеріп келеді.

Үндістанның Ладакх аймағындағы климат өзгерісі әсерінен мұздықтар еріп, жаңбыр жауа­тын болды және ауа температурасы болжанбайтын күйге жетті. Көктемде бақша мен егіндік үшін су қажет, бірақ мұздықтың еріген суы жазға жетпейді. Шаруаларға мардымсыз өнімді үнемдеулері үшін инженер Сонам Вангчук мұздықтарды адамдарға жеткізудің жолын ойлап тапты.

2015 жылы 125 000 АҚШ долларын жинаған Вангчук 20 метр биіктікте тау суын Ладакхи ауылына құбырмен жеткізу арқылы «мұз ступасын» – жасалған жасанды мұздық тұрғызды. Су тік құбырдан гейзердей ағып, Будда храмы тәріздес конус пішінде қатады.

Әрине, Вангчук туындысы сәуірде біртіндеп еріп, жаңадан отырғызылған теректерді суғара бастайды. Маусым айына қарай таудың еріген суы аға бастаған кезде, мұз ступа түгелдей дерлік еріп кетеді.

Қазір Вангчук тағы 50 мұз ступасын жасау үшін құбыр жүргізуде. Олардың әрқайсысы жылына 10 млн. литр су беріп, 10 гектар жерді суарады.

Оның жобасы туралы әңгіме таулы өлкелерге демде тарап кеткен. Былтыр ол Швейцарияның Альпі таулары бөктерінде Еуропаның алғашқы мұз ступасын жасады, ал биыл Үндістанда кенет су тасқынын болдырмау үшін өзенді қатырумен айналысатын болады.

Бұрынғы жобалары қатарында күн қуатын пайдаланатын ғимараттар мен үнемдеуіш асүй плитасы бар өнертапқыш бастама үшін берілетін Rolex марапатына ие болды. Ол табысын аймақтың экологиялық мәселелерін шешуге арналған пан-Гималай ғылыми-зерттеу университетін ашуға жұмсады.

«Суды сақтау – үлкен мәселе, – дейді жергілікті фермер Церинг Шпальц краудфандинг науқаны барысындағы өзінің видео хабарламасында. – Болашақта біздің балаларымыз ауыл шаруашылығымен айналысуды мүмкін емес деп есептейтін болады».

Климат өзгерісінің Гималай тауларындағы тұрғындарға әсерін жұмсарту үшін инженер Сонам Вангчук жоғарыдағыдай мұз ступасын жасап жүр.

Климат өзгерісінің Гималай тауларындағы тұрғындарға әсерін жұмсарту үшін инженер Сонам Вангчук жоғарыдағыдай мұз ступасын жасап жүр.

Вангчук жергілікті халық қазірден бейімделсе, олардың ұрпақтары климат босқынына айналмайды деп үміттенеді. «Біз тауда аз ел боп тұрамыз, бұл этникалық себептен ғана емес, сондай-ақ климатпен де байланысты. Нью Йоркте немесе Нью Делиде жарамды болған нәрсе тауда іске аспайды. Біз мәселелеріміздің өзіндік шешімін табуға тиістіміз», – дейді ол.


National Geographic журналы осы мақаланы бастама үшін берілетін Rolex марапатын беруші ұйыммен бірге дайындады.

    

Пікір жазу