.

Ас болсын!

01

02

Қыштан құмыра жасау – қола дәуірінен бері жалғасып келе жатқан ең көне кәсіптің бірі. Қазақ жері Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан ондай бұйымдарды жасайтын өндіріс орындары еліміздің оңтүстігі, батысы мен орталығында әлі де бар.

Саздан жасалынатын ыдыс берік, экологиялық жағынан ең таза саналады. Сонымен қатар қыш ыдыстарда дайындалған тағам бойындағы дәрумендерін жоғалтпай піседі. Жалпы мұндай ыдыстарда ботқа, көкөністер, мал еті, құс еті және балық дайындаған дұрыс. Құмырадағы тағамға су, не болмаса сорпа құю қажет емес, себебі тамақ өз шырынында пісетіндіктен артық жұмысты қажет етпейді.

03

 

05

07

Ескеретін жайт, құмыраны қолданбас бұрын ішіне су (ыстық, суық) құйып қойып, 15 минуттан кейін төгіп тастаған абзал. Және оны алдын ала ысыған пешке қоюға да, ыдыс жуатын сұйықтықпен жуудың да еш қажеті жоқ. Себебі саз балшық микробтарды өз бетімен жойып жіберетін қасиетке ие. Ал кетпейтін дақтарды ас содасымен ысқыласа болады.

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу