.

«National Geographic-тің» ең үздік 50 суреті» көрермендерін тамсандыруда

011

02

Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «National Geographic-тің» ең үздік 50 суреті» тақырыбында ашылған фотокөрме одан әрі жалғасуда.

Алматы облыстық Туризм басқармасының қолдауымен өтіп жатқан көрмеге келушілер әйгілі «Ауған қызының» суретінен бастап, 10 000 ваттық жарықтың көмегімен 4022 метр тереңдікте түсірілген Титаник кемесінің суретін де көре алады. Сондай-ақ, онда «National Geographic» тарихына нәзіктік пен тазалықтың, дәлдік пен адалдықтың символы ретінде енген сан алуан мазмұндағы басқа да фототуындылар қойылған.

03

06

05

«Әлемді шарлаған мұндай көрменің Талдықорғанда ашылуы біз үшін үлкен мәртебе, – деді талдықорғандық журналист Жұмахмет Жайлаубаев, – расында да мұндағы әрбір фото адамға терең ой салып қана қоймай, қоршаған ортаға философиялық көзқараспен қарауға үндейді».

Аймақтық дамыту бөлімінің кеңесшісі Дидар Диханбаевтың айтуынша, бір айға жоспарланған көрмені бүгінге дейін мыңдаған адам тамашалап үлгерген. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, «National Geographic Қазақстан» журналы алғаш рет елімізде 2016 жылдың ақпан айынан бастап жарыққа шығып келеді. Қазіргі күні беделді басылымның ана тіліміздегі он сегізінші саны оқырмандар қолына тиіп отыр.

Фото: Ерболат Шадрахов, Екпін Хасенжан

       

3 пікір жазылған

    • Здравствуйте! Мы не удаляли ваш комментарий, мы лишь удалили сам материал из за некоторых ошибок. В последствии чего так же удалился Ваш комментарий на эту тему. По поводу вопроса о том, почему наш сайт только на казахском и арабском. Так как казахский язык, это наш государственный язык, и сайт и журнал выпускаются на государственных языках. А National Geographic на русском, это уже другое подразделение, National Geographic Россия, официальный сайт http://www.nat-geo.ru/
      Спасибо за Ваш комментарий и за Ваше ожидание! С Уважением, «National Geographic Қазақстан».

  • «Я всё равно напишу в nationalgeographic.com об этом. Также напишу в министерство культуры.» ой, как напугали всех нас, смешно до слез)))))
    Правильно делают ребята. На казахском качественный контент нужен, тем более казахских школ становится больше и больше. Жалко что я сам не смог делать подобное. Удачи Вам, поддерживаем!!!!!!!!!!

Пікір жазу