.

Ұлытау неге «Ұлытау» атанды?

_YSH3190

Ұлытау – Қазақстанның тарихи, һәм географиялық орталығы. Еуразия құрлығындағы мәдениет тарихында ерекше орын алатын аймақ.

_YSH1774

Бұл ұлымекен Қарағанды облысындағы Торғай қолатының оңтүстік-шығысы мен Бетпақдаланың солтүстік бөлігін алып жатыр.

_YSH1733

Ұлытау – қазақ халқының қасиет тұтқан, ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын қасиетті мекен. Бұл жерде барлық қазақ хандарының атасы саналатын Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алашаханның мазары бар.

Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев Ұлытауға қатысты былай деген: «Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес, ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан «Ұлытау» атанған».

Осыны ескерген Қазақ Үкіметі алдымен Ұлытау ауданын (1972 жылы), ал 1990 жылы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайын құрған еді. Ашық аспан астындағы бұл қорық-мұражайдың аумағы 1883 шаршы шақырымға тең.

_YSH3093

Ұлытау ауданы бойынша 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде республикалық маңызы бар ескерткіштер де жетерлік. Атап айтқанда: Алашахан мазары, Жошыхан мазары, Домбауыл, Хан ордасы, Алтыншоқы, Едіге, Басқамыр, Аяққамыр, Болғанана, Теректіәулие және Ерден мазары бар.

Қорық аумағында сондай-ақ «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігінің белгісі» 2006 жылы орнатылған болатын.

_YSH0027

Географиялық, ботаникалық зерттеудің анықтауы бойынша бұл өңірде жалпы өсімдіктің 617 түрі белгілі. Ол мынадай бөліктерден тұрады: өсімдіктер 557, ағаштардың 7 түрі, бұтақтардың 36, жартылай бұтақтардың 17 түрі бар. Оның ішінде: шөптер – 68, ағаштар – 6, бұтақтар – 16.

_YSH3345

Ұлытау ауданы Орталық Қазақстанның жартылай құрғақты бөлігіне кіреді. Биік таулар: Ұлытау, Қызылтау, Айыртау, Арғанаты, Кішітау, Едіге, Әулие тау.

_YSH3266

Жануарлар әлемі де әртүрлі. Атап айтқанда арқар, киік, ондатр мен сілеусін мекендесе, аққу, италақаз, үкі, қарлығаш, жарғанат, қаршыға, дуадақ пен бүркіт секілді құстарды кездестіруге болады.

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу