.

Маңызды миссияны бірге атқарған қос алып

«National Geographic» президенті және атқарушы директоры Гэри Э.Нелл:

«National Geographic» дегенде зерттеу­-шарлау тіркесі ойға оралады. 129 жыл бойы бұл біздің болмысымыздың негізі болып келді және бұл қызметті дәл біздей атқаратын ешкім жоқ.

Қызметіміздегі аталған мерзімнің 63 жылын керемет серіктесіміз – «Ролекс­пен» бірге өткіздік. Оның сағаттары Жер шарының түпсіз тұңғиық мұхиттарынан ұшар шыңдарына дейінгі жерде зерттеу­шілердің қолдарынан түспеді. «Ролекс» ұзақ жылдар бойы зерттеуге деген құштарлығын еш төмендеткен жоқ.

Біздің ортақ құштарлығымыз – ғылым танымаған дүниені зерттеу. Сонымен бірге біз ғаламшарымызға деген терең жауапкершілікті және оның ғаламаттарын қорғау маңыздылығын түсінудегі сезімімізбен бөлісеміз.

Осы айда біз «Ролекс» ұйымымен ынтымақтастығымыздың кеңейгенін қуана хабарлаймыз. Мұндай нәрсе «National Geographic» тарихында бұрын болмаған, енді екі ұйымның ортақ күш жұмылдыруы әрмен қарай жалғаса бермек.

Көздегенімізге қалай қол жеткіземіз? Алдағы бес жылда назарымызды ғаламшарымыздың үш ерекше маңыз­ды атрибуты: мұхиттар, полюстер және тауларға түйіндеу арқылы. Біз ғылыми жаңалықтарға жетелейтін экспедицияларға қолдау білдіреміз немесе оларға қатысамыз. Жаңа зерттеу технологияларын шығаруға ықпал ететін зерттеу жұмыстары мен өнертабыстарына атсалысамыз және табиғатты қорғауда көпшілік қолдауын тудыратын саммиттер мен шаралар өткізетін боламыз.

Әлем халқының көзін ашып, жүрегінде мейірім ояту үшін «National Geographic» қоғамының маркалы журналистика және фотолары арқылы осы ынтымақтастық жөнінде баяндап отырамыз. Біздің мақсаттарымызда оқиға әңгімелеудің сандық орталығы, видео және виртуалдық шындық тәжірибелері, әлеуметтік желі арналары, телевизия бағдарламалары, фильмдер және тағы да басқа көптеген қызықты дүниелер бар.

Әлеміміздің сырын ашуға бет алған сапарымызда бізбен бірге болғаны үшін «Ролекске» алғысымыз шексіз. Осы уақытқа дейінгі көпжылдық тәжірибеміз алдағы ісіміздің іргесі мықты сүйеніші болмақ.

Осы тартымды жаңалықтарды бізбен бірге ашуға шақырамыз.

«National Geographic» және «Ролекс» ұйымдары әлемнің ең танымал зерттеушілерінің тарихи ерліктеріне демеу болды. Солардың ішінде: фотограф Дэвид Дубиле, океанограф Сильвия Эрл және продюсер Джеймс Камерон бар

ФОТО: ДЖЕННИФЕР ХАЙЕС, NATIONAL GEOGRAPHIC CREATIVE; МАРКО ГРОБ; МАРК ТИССЕН, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

       

Пікір жазу