.

Жүзгіш отбасы

20 метрлік WHY шхунасы Гренландия маңында мұз жарып барады. Осы жаздан бастап франциялық экипаж кемемен Гренландиядан Антарктикаға дейін сапар шегеді.
Rolex Note «Полюс астында» жобасын «National Geographic» қоғамының ғылым мен оны зерттеудегі әріптесі Rolex қолдап отыр.

Даниэль Стоун

Оқиға былай басталған еді. 2010 жылы сүңгуірлер Гислейн Барду мен Эммануэль Пери Барду су астындағы экожүйені зерттеу үшін сібір хаскиі – Кайакты өздерімен бірге Солтүстік полюске ерте кетті. Аталған жұп зерттеу­шілердің денсаулығын бақылаумен,  суретке әрі видеоға түсірумен айналысатын сегіз адамдық топ жасақтады. Кайактың міндеті ақ аюды көргенде үру болатын.

Бастапқыда «Полюс астында» деп аталған олардың экспедициясы содан бері Жер шары мұхиттарының «қонақжайлылығы нашар» жерлерін зерттеуге арналған әлемдік барлауға айналды. 2014 жылы Гренландияның батыс жағалауына экспедицияға шығу үшін топ құрамы 55 адамға дейін өсіп, олар сол жақта рекордтық көрсеткіш – 111 метр­ге дейін сүңгіді. «Адамдар бұл мүмкін емес деп еді, алайда біз оған сендік», – дейді Пери-Барду. Олардың сапары түрлі фильмдерге, кітаптарға және көптеген академиялық зерттеуге арқау болды.

Осы жазда олар және жүзге жуық топ жобаның үшінші бөлігін бастайды: жердің әр түкпіріндегі ендіктерге үш жылдық сапар. Олар Франциядан Гренландияға өтіп, Арктика арқылы Алясканы айналып, Франция, Оңтүстік Америка мүйісі сосын Атлант мұхитымен Еуропаға қайта оралып, ­80 000 шақырымнан астам қашықтыққа саяхат жасайды. Жол бойы олар су бетінен 30 метр төмендегі ымырттық аймақ аталатын қараңғы тереңдіктер әлемін зерттейді. Сондай-ақ олар сүңгу психологиясының шектеулерін тексеріп (мұз астына сүңгу рекордтарын жаңартып), 72 сағат бойы үздіксіз сүңгуге талпынып көрмек.

Барду мен Пери-Барду өздерінің жедел тобын кеңейтті. Қазір олар балалары – бес жасар Робин мен бірдегі Томға маңызды жұмысты сеніп тапсыра алады. «Олар борттағы жағдайды өзгертеді», – дейді Барду.

ЛУКАС САНТУЧЧИ, ПОЛЮС АСТЫНДА/ЗЕППЕЛИН ЖЕЛІСІ

       

Пікір жазу