.

Кез келген жабайы аймақ

20160219213141

1868 жылдың наурыз айында 29 жастағы Джон Муир Сан-Францискода бір адамнан қаладан қалай шығуға болатынын сұрайды. «Қайда барғыңыз келеді?» – дейді таңырқаған жүргінші. «Адам аяғы баспаған жерге», – деп жауап береді Муир. Сол жүргеннен жүріп отырып ол Калифорнияның Сьерра Невада аймағындағы Йосемити шатқалынан бір-ақ шығады. Кейіннен бұл жер табиғатты сақтау қозғалысының рухани ордасына, Муирдің басқаруын­дағы елдің үшінші ұлттық саябағына айналады.

Йосемитидің мына көрінісі үшін фотограф Стивен Уилкс түнгі сағат үште толық ай Эл-Каптанның бетіне түскен сәттен бастап 26 сағатта 1036 сурет түсірді. Содан соң іріктелген суреттерді сандық тұрғыда бір-бірімен біріктіріп, осы панораманы жасап шықты.

       

Пікір жазу