.

Темірден түйін түйген ұста

Қазақта атадан балаға мұра боп қалып, осы күнге дейін жеткен кәсіптің бірі – ұсталық өнер. Бұл өнер қазақ қоғамында, әсіресе орта ғасырда қарқын алған. Ұсталықтың арқасында біздің ата-бабаларымыз жаудан қорғану үшін қару-жарақтар мен тұрмыстық құрал-саймандар жасап, қажеттілігін өтеген.

Кәсіптің бұл түрі түркі тектес халықтарда «киелі өнер» саналады. Түркі халықтары темірден түйін түйетін шеберлердің атын атамай «Ұста» деп әспеттесе, ал олардың жұмыс орнын «ұстахана» деген. Сол замандарға темірден жасалған бұйымдар адамның өмірін жеңілдеткендіктен ерекше қастерленеді.

Отқа қызған темірді ұста сол қолындағы қысқышпен қысып ұстап, төстің бетіне қояды да, балғамен темірді ұрып, балғашыға жөн сілтеп отырады. Балғашы болса ұстаның соққан жеріне шой балғаны дәлдеп ұрып отыруы керек.

Фото: Екпін Хасенжан

       

Пікір жазу