.

«Аяғы жоқ, қолы жоқ…»

Су-жыланы

Ғалымдардың дәлелдеуінше, Жер шарында Антарктидадан басқа жердің бәрінде жылан кездеседі екен. 12 тұқымдасты құрайтын олардың 3000-ға жуық түрі белгілі. Соның ішінде 1,5 мың түрі, яғни ең көбі – сарыбас жыландар.

Жыландар еліміздің, әсіресе, оңтүстік аймағында кеңінен тараған. Сулы жерлерде, ағысы қатты тау өзендерін, қамысты көлдерді мекендейді. Тауда 2800 метр биіктікте де кездеседі. Суда жақсы жүзетін жыландар су астында жарты сағаттан аса уақыт бола алады. Су жыландары негізінен усыз келеді, сондықтан адам үшін қауіпті емес.

Фото авторы Юрий Варыгин кәдімгі су жыланын суретке түсіру үшін біраз уақыт тырп етпей аңдығанын айтады. «Уақыттың қалай өткенін де байқамадым. Әйтсе де бір кезде «мә, саған» дегендей тұра қалды. Мен де сол сәтті ұстағандай болдым. Сосын екеуіміз де өз жайымызға кеттік», – дейді автор Бектау Ата тауындағы осы суреті туралы.

Кәдімгі су жыландары басқаларынан мойын тұсындағы «сары жолағымен» де ерекшеленеді. Жолақ негізінен сары болғанымен, кейде ақ, кейде сарғылт түсті болып та кездеседі.

       

Пікір жазу