.

Таро жеген тарықпас

Гавайдың Кауаи аралындағы «Ханалей» ұлттық тұмса табиғат қорығындағы таро алқабының үстін бұлт басты.

Гавай аңызы бойынша таро олардың киелі «ата-бабасы» саналады. «Дақылдың маңыздылығы сондай, оны адамдар өмір нәрі деп біледі», – дейді Гавай университетінің агроэкологі Ноа Кекуева Линкольн. Жергілікті халық арасында кало атымен белгілі өсімдік ғасырлар бойы Гавай ас мәзірінің және мәдение­тінің негізгі бөлігіне айналған, бірақ бүгінде оның болашағы бұлыңғыр.

Таро бір кездері әлемде ең көп егілетін тамырлы жеміс еді. Агроэкономист Сюзан Миасака, әсіресе Гавайдағы түрлердің көбі әлжуаз екенін айтады. Кейінгі 50 жылда түсім 50 пайызға кеміп кетті. Мұны өзгертуге үміті бар Миасака мен оның командасы Гавай университетінде улануға төзімді тароны сынақтан өткізіп жатыр.

Суару да өзекті мәселеге айналған. Мол су – тароның өсуінің кепілі, алайда кең көлемді ауылшаруа­шылық жұмыстары, гольф алаңдары мен үйлердің көбеюі қымбат қазынаны қотарып алып жатыр. Мауидегі отбасы алқабында дәстүрлі сатылы таро фермасын қалпына келтірген фермер Хокуао Пеллегрино бүгінде су пайдаланушылар ағысты бұрып жатқанын айтады.

Әркімнің өз рецепті бар.

Босқындар жаңа мемлекетке естеліктен басқа ештеңе әкеле қойған жоқ. Алыстан қарағанда олар Ирактағы жүзім бағына ұқсас өлкені қайта тірілткендей боп елестейді. «Бұл тағамдарды әзірлеп, достары мен отбасына бөлісудің өлшеусіз психологиялық пайдасы бар», – дейді денсаулық сақтау маманы Заид Джалуд. Ливиядағы соғыстан босқан 40 жастағы Фатма үшін бұл – анасы үйреткен дәстүрлі асқабақ пен картоптың қайнатпасы. «Базеен жай ғана тамақ емес. Бұл – туған жерімнің естелігі», – дейді ол.

Авторы: Кэтрин Цукерман

ФОТОЛАР, ЖОҒАРЫДАН ТӨМЕН ҚАРАЙ: ПИТЕР АДАМС; ЛЕСЛИ ДЭЙВИС, НЬЮ ЙОРК ТАЙМС, РЕДЮКС


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу