.

Көзтартар

Франция Лез өзенінің таяз жерінде құрбақалар биі басталды. Олардың бұл әрекеті, яғни дене тұрқы шағын аталық құрбақаның аналықты алдыңғы аяқтарының астынан қапсыра құшақтауы «қолтықасты амплексус» деп аталады. ФОТО: МАТЬЕ ФОУЛКУИ, BIOSPHOTO

Франция
Лез өзенінің таяз жерінде құрбақалар биі басталды. Олардың бұл әрекеті, яғни дене тұрқы шағын аталық құрбақаның аналықты алдыңғы аяқтарының астынан қапсыра құшақтауы «қолтықасты амплексус» деп аталады.
ФОТО: МАТЬЕ ФОУЛКУИ, BIOSPHOTO

Испания Қыстың аязды күнінде Андалусиядағы «Sierra de Grazalema» ұлттық саябағында жаңбыр суына толы тоған түрлі бояулармен реңктеніп, ондағы тіршілік жандана бастайды. Қазтамақ жапырақтары, мұзға айналған оттегі көпіршіктері мен құнарлы заттарға бай балдырлар шытынай еріген жұқа мұздың астында үйлесім табады.

Испания
Қыстың аязды күнінде Андалусиядағы «Sierra de Grazalema» ұлттық саябағында жаңбыр суына толы тоған түрлі бояулармен реңктеніп, ондағы тіршілік жандана бастайды. Қазтамақ жапырақтары, мұзға айналған оттегі көпіршіктері мен құнарлы заттарға бай балдырлар шытынай еріген жұқа мұздың астында үйлесім табады.

Біріккен патшалық Еуропадағы ең кішкентай кеміргіш саналатын дала тышқаны Англияның Мултон қыстағының маңындағы көгалда, балдырған гүл сабақтарының үстінде тазаланып отыр. Бұл ересек тышқан тор ішінде өсіріліп, денесіне шағын чип орнатылды да қалай аман қалатынын зерттеу мақсатында бостандыққа жіберілді. ФОТО: НИК АПТОН, ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІ КІТАПХАНАСЫ

Біріккен патшалық
Еуропадағы ең кішкентай кеміргіш саналатын дала тышқаны Англияның Мултон қыстағының маңындағы көгалда, балдырған гүл сабақтарының үстінде тазаланып отыр. Бұл ересек тышқан тор ішінде өсіріліп, денесіне шағын чип орнатылды да қалай аман қалатынын зерттеу мақсатында бостандыққа жіберілді.
ФОТО: НИК АПТОН, ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІ КІТАПХАНАСЫ

       

Пікір жазу