Бал арасының балы

01 Шпигельман ара

Бал арасы балға қажетті шірне мен тозаң жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Және ол қызметті «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Олар ұясынан ондаған шақырым жерге ұзап кетсе де, ұясын адаспай табады.

«Жұмысшы» аралар бір шыққанда өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Балдың сорты ара қонған өсімдіктердің түріне қарай әртүрлі болып аталады.

Бал арасы ұясын тек алты бұрышты пішінде ғана жасайтыны белгілі. Ғалымдар бал арасының ұясы неге тек алты бұрышты ғана болатынын анықтап көрген. Олар сондай-ақ, ұяның алты бұрышты болуының себебі ондай ұяға материал аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы жоғары болатынын айтып отыр.

Бал арасы – (Apіs mellіfera) жарғаққанаттылар отрядына жатады. Араның ол түрі Қазақстанның барлық өңірінде кездестеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек ара және бірнеше ондаған мың «жұмысшы» ара тіршілік етеді. Ұрғашы ара бір тәулікте 2-3 мың, бір маусымда 200 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Ара балынан бал, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және медицинада кеңінен пайдаланылатын ара желімі (прополис) алынады.

Жалпы жер бетінде араның 20 мыңға жуық түрі мекендесе, солардың мыңға жуығы ғана ұжымдаса, ымырада өмір сүреді.

Фото: Михаил Шпигельман

    

Пікір жазу