Байлық – байлық емес, бірлік – байлық! — National Geographic Qazaqstan
.

Байлық – байлық емес, бірлік – байлық!

Жер бетіндегі 130-дан астам ұлт пен ұлысқа пана болған қазақ халқы қай заманда да өзінің ақжарқын пейілі, таза ниетімен ерекшеленген. Біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, кез келгенін бауырына басқаны белгілі. Сондықтан да болар осы күні елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік үздіксіз салтанат құрып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз.

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын мықтап ұстанған қазақстандықтар үшін Елбасының Жарлығымен 1996 жылдан бері жыл сайын ресми түрде тойланатын 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінің орны бөлек. Себебі бұл күні ел аумағында тұрып жатқан жергілік ұлт пен диаспора өкілдері төс қағыстырып, бір біріне деген жылы лебіздері мен ілтипатын білдіріп жатады.

Бұл күні «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамның жоғарғы деңгейде өтуіне бір кісідей атсалуды дәстүрге айналдырған.

1 мамыр мейрамы бүгінде көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналып үлгерді.

Фото: Анатолий Устиненко

       

Пікір жазу