Қатқан құбылыс — National Geographic Qazaqstan
.

Қатқан құбылыс

Криоэлектрондық микрос­коп бір кезде «блобология» деп күлкіге қалса да, оның сапасыз кезеңі артта қалды. Соңғы жылдары cryo-EM бейнелері түйіннен жекелеген атомды көрсететін модельге айналды.

Калейдоскоп тәріздес көрініс көздің жауын алады. Бұл – шын мәнінде, түрлі-түске боялған Zika вирусы. Ол сіз осы сөйлемді оқып бітпей жатып-ақ миллионға көбею­ге қабілетті.

Біз бұл вирусты криоэлектрондық (cryo-EM) микроскоп арқылы көре аламыз. Осы айрықша керемет технология ғалымдарға молекуланы көзбен көруге мүмкіндік береді. Оларға жасушалық механизмнің өмірін зерттеу­ге бұрын-соңды болмаған жеңілдік туғызып отыр.

Cryo-EM технологиясы молекула құрамында суы бар көшірмелерінің бір сәтте қатқан пленкасына электрондар шоғырын бағыттауға негізделген. Мұндай «еріту» түрлі бұрыштағы молекулалардың екі өлшемді суреттерін тудырып, оның алгоритмдері артында үш өлшемге бірігеді. Алғашқыда cryo-EM молекулаларды көмескі түйірлермен шығарды. Сондықтан бірқатар ғалымдар оны бейненің жоғарғы айқындығын беретін рентгендік кристаллографиямен салыстырғанда «шатпақ» деп бас тартты. Алайда 2013 жылы cryo-EM алғашқы рет атомдық деңгейдегі ажыратымдылық сапасына қол жеткізді.

Сryo-EM арқасында біз жасуша жарғағын ұстап тұрған ақуыздарды көре аламыз. Биохимиялық революция енді қайда баратынын кім білсін? «Мен қатты қобалжып тұрмын», – дейді Франк.

Авторы: Майкл Грешко


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу