.

Өзгеріске бейімделу

Кемеңгер – Кейт Орфф

Кейт Орфф үшін ауланы безендіру жеткіліксіз. Ландшафтық сәулетші жерді климаттың өзгеруі мен оның экстремалды әсеріне бейімдегісі келеді. «Саналы не санасыз түрде ғаламшарымыздың әр шаршы метрі адамдардың әрекетінен өзгеріске ұшыраған. Менің мақсатым – осыны позитивті дүниеге айналдыру», –  дейді Кейт.

Оның Scape атты дизайнерлік студиясы 2012 жылы «Сэнди» дауылы Статен Айленд аралында жүріп өткеннен кейін оның оң жағалауына «жанды тосқындарды». жасау үшін Нью Йорк штатымен (федералдық бюджет) ынтымақтастық орнатты. Тосқындар үш түрлі қызмет атқарады: жағалауды алдағы дауылдар мен эрозиядан қорғайды, Раритан шығанағындағы су тіршілігін қалпына келтіріп, жағалау маңа­йындағы тұрғындарға экожүйені бақылауға мүмкіндік береді.

Ол дизайнын өзі жасаған жерлердің «табиғат пен дәстүр, қоғамтану мен экожүйенің арасындағы көпір» болғанын қалайды. Сан-Франциско шығанағы Аламида Крик өзенін қалпына келтіру бо­­йынша ұсынылған жоба осыған үлгі бола алады.

Орфф адамдардан өз қоғамдарында белсенді дизайнер болуын сұрайды. Күрделі экологиялық өзгерістер орын алып жатқан мына уақытта ол «Жерге эстетикалық фон ретінде пассивті қараудың» қауіпті екенін баса айтады.

Авторы: Рейчел Хартиган Ши, фото: Бенедикт Эванс

       

Пікір жазу