.

Сауытты махаббат

Мына сары армадилло Айова штаты, Дабек қаласындағы Миссисипи өзені ұлттық музейі мен аквариумында түсірілген.

Ксенатралдық сүтқоректілерге жататын мүкітістілер: еріншектер (Brady podidae), құмырсқа жегіштер (Myrme cophagidae), сауыттылар (Dasy podidae) батыс жартышарды сонау палеоцен дәуірінен бері мекендеп келеді. Олар өз түрлерін мәңгілікке сақтаудың амалын тапқаны анық. Алайда олардың шағылысқанын байқаудың сирек болғандығы сондай, ғалымдар оны өте үлкен олжаға балайды.

Бразилиялық эколог Нина Аттиас олардың шағылысуының үстінен түсті. Сауыттылардың 20 тобы бар. Ол докторлық жұмысында өзгеше сарғыш түсті, алты жолақты сауытты Euphractus sexcinctus-ты зерттеп, ұрпақ жалғастырып жатқан қос мүкістіні камераға түсіріп алған.

Бразилияның сулы әрі батпақты алқаптарындағы сары сауыттылар жыл бойы құлпырып жүреді. «Еркектері ұрғашысының иісін сезіп, оған жақындағанда,  ұрғашысы тыным таппай, жүгіре бастайды, – дейді Аттиас. – Сіз аналықтың есерсоқ секілді жүгіргеніне, ал бір топ аталықтың оның артынан қуғанына куә боласыз. Осылайша, араларындағы ең жылдамы оны қуып жетіп, оған жақындағанымен, коитус сол қуып жүрген кезде-ақ басталып кетеді».

Барлық сүтқоректінің арасында аталық сауыттының жыныс мүшесі денесінің пропорциясына шаққанда ең үлкен болып саналады. Мәселен, E. Sexcinctus аталығының бойы 30 см, ал жыныс мүшесінің  ұзындығы 15 см дейін жетеді. Шағылысу сәтті аяқталса, 60-65 күннен кейін аналығы балалайды.

Пиауи штатында осы жануарларды қорғауға арналған саябақ ашылған. Аттиас жұмыс істейтін Жабайы аңдарды қорғау институтының қолдауымен Мату-Гросу-ду-Сул, табиғатты сақтау жаршылары ретінде сауыттыларды асырауды жоспарлауда. — Патрисия Эдмондс

Сауыттыларды біле жүріңіз

1. Үшжолақты

Сауыттылардың екі түрі «Оңтүстіктік үшжолақты» және «Бразилиялық үшжолақтылары» ғана қатер төнгенде доптай домаланады. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы сауыттылар мекендейтін орта тарылып, жаппай ауланғандықтан, олардың бразилия­лық түрінің осалдардың қатарында, ал оңтүстіктік түрінің (T.matacus) жоғалып кету қаупінде тұрғанын анықтады.

2. Тоғызжолақты

Dasypusnovemcinctus-тің сауыт тектес қалқаншасының, негізінде, 11 жолағы мен майысқақ тінмен байланыстырылған сүйек пластиналары бар. Бұл – сауыттылардың көбейіп келе жатқан жалғыз түрі.

3. Алып

Pridontes maximus деп аталып, Оңтүстік Америкада таралған ең алып сауыттының ұзындығы – 1,52 метрге, ал салмағы 50 килоға жетуі мүмкін.

Авторы: Джоэль Сартор


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу