.

Академик Карл Байпақов дүниеден өтті

Танымал ғалым, тарихшы, ҚҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карл Байпақов дүниеден өтті.

Карл Молдахметұлы Байпақов 1940 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген.

Карл Байпақов тарих ғылым докторы, профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998).

1964 жылы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкері (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973-1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан бері Археология институтының директоры.

Ол «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықаралық конференцияларға қатысты (Дрезден, 1984; Вашингтон, 1986; Токио, 1988; Париж, 1992; Бейжің, 1992).

ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орталық Азия тарихымен айналысатын Халықаралық ғылым комитеті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі.

Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986). «Парасат» орденімен марапатталған.

Айта кетуіміз керек, Карл Байпақов National Geographic қауымдастығының Қазақстан бойынша грантын ұтып алған қазақстандық үш ғалымының бірі. Ол 1998 жылы «Оңтүстік-шығыс Қазақстанның Жібек жолы бойында орналасқан Талғардың топографиялық зерттеулер мен қазба жұмыстары», 1999 жылы «Ортағасырлық Жібек жолы бойындағы қалаларды жермен жексен еткен жерсілкінісі» деген тақырыпта ғылыми жұмыстар жүргізген.

Фото: aikyn.kz

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation