.

InSight аппараты Марсқа қонды

АҚШ-тың Ұлттық әуеде ұшу және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) InSight аппараты Марсқа қонды. Аппарат күн батареялары ашылып, Қызыл ғаламшардың бетінде Күн сәулесінен заряд ала бастағаны туралы Жерге белгі жіберді.

Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр Астана тұрғындары қазақстандық ғарышкердің жерге қонған капсуласын көре алады Байқоңырдағы апаттан кейін бірінші рет ғарышқа жүк кемесі аттанады Аппарат 26 қараша күні Марсқа қонып, алғашқы суреттерін жіберіп үлгерген.

«InSight командасы бүгін алаңсыз ұйықтай алады. Күн батареялары ашылып, қуат ала бастады. Ертең InSight ғаламшар бетін зерттеуге кіріседі», – дейді NASA өкілі, осы жобаның менеджері Том Хоффман.

Ғарыш аппараты Күн батареяларының ені 2,2 метр. Марс Күннен Жерге қарағанда алыста орналасқандықтан, оның бетінде Күн сәулесі Жердегіден әлсіз. Бірақ аппарат ғаламшарды зерттеуі үшін аспан ашық күндері 600-700 Ватт шамасында энергия алуының өзі жеткілікті. Панельдерді шаң жауып қалса да, 200-300 Ватт шамасында энергия беруге қауқарлы.

Алдағы күндері фотоаппарат бекітілген механикалық манипулятор іске қосылып, Марстың топырағының суреттерін жібереді. Соған қарай NASA инженерлері зерттеу жүргізілетін аймақты анықтайды. Ал арнайы бұрғы «марсты» 5 метр тереңдікке дейін қазу мүмкіндігін береді.

InSight зонды Марсқа жету үшін 458 миллион километр ұшқан. Үстіміздегі жылдың мамырында Калифорниядан ұшқан аппарат Марстағы Элизиум таулы қыратына қонды. NASA-ның ақпаратына сүйенсек, аппарат екі жыл бойы Қызыл ғаламшарды зерттейді.

Дереккөз: www.inform.kz

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation