ЗЕРТТЕУ

Бейбітшілік зымыраны

YouTube желісінде «Өзің жаса» атты жеке ғылыми каналы бар Грант Томпсон «Триполи» зымыран ұйымының Блэк-Рок шөліндегі жыл сайынғы ұшыруларынан репортаж беріп тұрғанды ұнатады.

Бәсекесүйгіш әуесқойлардың қолдан жасаған құрылғылары.

Федералды Авиация әкімшілігі зымырандарды 150 шақырымға дейін көкке ұшыруға рұқсат берген.

Солтүстік-батыс Неваданың кеуіп қалған жазығындағы сағым тіршіліктің кез келген белгісін жоққа шығарып тұрғандай. 2016 жылдың күзінде фотограф Роберт Ормерод Блэк-Рок шөлінде суалған көл табанынан зымыран ұшырып көрмек болып, әуесқой зымыран ұшырушылар арасында өткізіліп тұратын сайысқа келеді.

Мақсат – барынша биікке шаншылып, артынан із тастап самғайтын зымыран жасап шығару.

1991 жылы Федералды авиация әкімшілігі «Триполи» зымыран ұйымына жарыс кезінде ракеталарды 150 шақырымға дейін көкке ұшыруға рұқсат берді. Бұл – қолдан жасалған зымырандар үшін қауіпсіз әрі заңды түрде көкке көтерілетін жалғыз мүмкіндік. Жыл сайын 200 шақты әуесқой өз өнертабысын сынау үшін осында жиналады. «Триполи» бұл шараны «қауіпсіздік пен құқықтық шектеулерге байланысты жүзеге асырылатын мекені жарияланбайтын жобалар алаңы» деп атайды.

Бір қатысушы зымыранына GoPro камерасын орнатыпты. Ол Робертке әуеде түсірген суреттерін көрсетті. Зымырандар бір-бірінен өтеді. Егермейстердің бөтелкесіне ұқсайтыны да бар. Басқару орталығында кері санақ жүргізілуде: 5,4,3,2,1. Зымырандар көкке самғап барып, жерге парашютпен қонып жатыр.

13 жастағы Джейк Варшавский, 16 жастағы Лейф Юрветсон секілді әуесқойлар 1991 жылдан бері Блэк-Рок шөлінде жолығып, өздері жасаған құрылғыларын зеңгір аспанға ұшырады.

«Ғарышқа аңсары ауғандардың арманын қалай жүзеге асыруға болады?» – дейді Ормерод. Бұған туған жері – Шотландияның зымыран ұшыру алаңы жауап! Олар өздерінің жұлдызаралық армандарына Жерде де қол жеткізе алады екен. Көп ұзамай ол Марсты модельдеу жобасының ғалымдарымен бірге Юта және «шұғыла аулаушылармен» бірге Исландия жағалауына аттанды. Енді егін өрнектерін суретке түсіріп, астрономдармен бірге оңтүстік Африкаға жол тартпақ. «Олар – қарапайым адамдар, соған қарамастан, ғарышқа жету жолында жарысқа түседі», – дейді Ормерод.

Питер Тини Калифорнияда оқитын баласы Алексис жасаған зымыранды ұстап тұр.

Авторы: Нина Строчлик, фото Роберт Ормерод


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз