САЯХАТ

Бас омарташы

«Ызыңдаған» ақ үй. 2009 жылдан бері араның бірнеше колониясына бас-көз болып келген Чарли Брандтс елдің бас үйіне кіремін деп еш ойламаса керек. Сол жылы АҚШ-тың бірінші ханымы болған Мишель Обама бақшасындағы өсімдіктерін тозаңдандыру үшін араның бір ұясын алдыртады. Ара берген өнім Президент резиденциясының ас мәзіріне кіріп, бал сыйлық ретінде де ұсынылған екен. Алайда кене секілді зиянкес бәрін бүлдіруі мүмкін. Осындай кезде Брандс іске кіріседі. «Өз ісінің шебері болсаң, сені Ақ үй өзі-ақ тауып алады», – дейді ол.

  1. Астау. Қысқа жеткілікті көмірсу жинауы үшін араларға күзде қант сиропы мынадай астаумен беріледі.
  2. Түтіндеткіш. Омарталарды тексеру не тасымалдау кезінде ұяшық ішіне жіберілетін будақ-будақ түтін араларды тыныштандырады.
  3. Бетперде. Оны жакетке сыдырма ілгекпен жалғауға болады. Тор омарташының басы мен көздерін қорғайды.
  4. Жакет. Иілгіш жең мен шалбар­­ араның шағуынан қорғап, киімді таза ұстайды.
  5. Лупа. Үңіліп қарау үшін керек.
  6. Түтік пен бояу. Патшайымды оңай ажырату үшін арқасына бояу жағылады.
  7. Ағаш рамкалары. Омарта қорабының ішіндегі салынбалы рамкалар ұяшықтарды ұстап тұру үшін керек.
  8. Бал. Ақ үйдің балы салынған ыдыс, бұл бал 2011 жылдың жазында алынған.
  9. Қашау. Омарта қорабынан рамкаларды шығару, қырнау мен сығалау үшін керек.
  10. Жабатын қалқан. Түрлі қоғамдық шара кезінде омарта жабылады.
  11. Бояу щеткасы. Бал жинау кезінде щетканың көмегімен араларды рамкалардан бөліп жіберуге болады.
  12. Сабан. Түтін шығаратын отын ретінде де, омартаны изоляциялап, ішіндегі ылғалды сақтау үшін де сабан керек.

Авторы: Кэтрин Цукерман, фото: Ребекка Хейл


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе,
shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

1
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз