"/>
ЗЕРТТЕУ

Заманауи Канзас

Трамвайды жаңғыртқан технология

Кезінде жолаушы тасымалдаудан Канзас-Ситиде трамвайға шақ келетін транспорт жоқ-тұғын. 2016 жылы бұл қызметтің істен шыққанына 59 жыл толғанда, ақылды технологияның көмегімен трамвайлар қайта іске қосылды. Жаңа, біртегіс түрлері алғашқы екі жылдың өзінде бес миллион жолаушыға тегін қызмет көрсетті. Трамвай жолы бойындағы интерактивтік стендтер жергілікті көзтартар ғимараттарды көрсетіп, келушілерді суретке түсіріп қана қоймай, ауаның да сапасын анықтайды. Реактивті, яғни смартбағдаршамдар көліктің тасымалдау уақытын орташа есеппен 36 секундқа азайтты. Көліктердің қызыл түске тоқтау уақытын қысқарту арқылы ауаға тарайтын парниктік газ мөлшері де кеміді. Сондай-ақ, қаладағы көше шамдарының сенсорлары жинаған мәліметтер негізінде ой-шұңқырлардың қай жерден пайда болуы мүмкін екені анықталады. Канзас-Ситидің инновациялар басқармасының басшысы Боб Беннеттің айтуынша: «Өркендеуші ақылды қалада барлық дүние еш кедергі келтірмес­тен өз орнымен жұмыс істеп отыруы керек».

Авторы: Лиза Родригез


Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation