ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада көшпенділер фестивалі басталды

 

Елордада көшпенділер этномәдениетінің IV халықаралық фестивалі басталды. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы мұрындық болған шараның басты мақсаты – түбі бір түркі халықтарының тарихи және мәдени мұрасын насихаттау.

Биыл «Көшпенділер әлеміне» 10 мемлекет өз өкілін жіберген. Оның ішінде оңтүстік кореялықтар да бар.

«Көшпенділер әлемі» – көне түркі халқының ұрпақтарын біріктіретін, тарихқа саяхат жасап, ұлы мұрамызды түгендейтін ерекше фестиваль. Төртінші рет өтіп отырған шараға әлемнің 10 елінен 180 адам қатысуда. Әсіресе Оңтүстік Корея мен Ираннан келген қатысушылар фестивальдің дәрежесін айғақтағандай. Ділімізге ғана емес, тілімізге де құрмет көрсеткен түріктердің орны бір бөлек.

Тимур Дүйсенғалиев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

– Біздің мақсатымыз Нұр-Сұлтан қаласын Ұлы дала астанасы ретінде таныту. Елордаға келетін туристердің дені қазақы нақышты, төл мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарды сұрайды. Былтыр астанамызға 800 мың мейман келген. Туризмді осындай этникалық стиль арқылы дамытқымыз келеді.

Рух сыйлар этноәуендер, көзтартар қолөнер, театрландырылған көріністер көпшілікке ұсынылады. Қырғызстандық Нұрбек Қалыбекұлының айтуынша, Нұр-Сұлтан – түбі бір түркілерді тоғыстырған бірегей қала. Ол фестивальде Манасты жырламақ. Нұрбек Қалыбекұлы, манасшы /Қырғызстан/: – Мен манасшымын. Қырғызда сондай пост бар. Қырғыз-қырғыз бақырып, Қырғызда орын шақырып деген сияқты.  Садақшылар жарысы, көкпаршылар мен бүркітшілердің сайысы және нағыз батырлардың жекпе-жегіне куә болғыңыз келсе, екі күнге жалғасатын «Көшпенділер әлемі» фестиваліне барыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз