"/>
САЯХАТ

Аяған ба, аямаған ба?

Барри Бишоп Эверестің шыңына жеткенмен, түсер жолда үсік шалады. Оның аяғында әрқайсысы шамамен екі келі тартатын мынадай етігі бар еді. Оны непалдық шерптіктер төмен алып түсті.

Ақш азаматы тарапынан эверест шыңын алғашқы рет бағындыру талпынысы кезінде мына бәтеңке өз иесіне кесірін тигізбей қойған жоқ.

Барри Бишоп Эверест тауына шыққан тарихи экспедиция кезінде алып барған бірнеше етігіне (бұғы терісінен тігілгені бар, жаяу жүріске арналған бұдыр өкшелісі бар, тізеден келетін ұзын қоныш әрі табаны тікенді тағы біреуі) ұқыпты болғанымен, башпайларын сақтап қала алмаған.

Полюс зерттеушісінен NG фотографына айналған Бишоп Эвересті бағындырған алғашқы АҚШ экспедициясы құрамында 1963 жылдың 22 мамырында, сағат 15:30 шың басына шығып, әріптесі екеуі көз жасына ерік береді. Төменге түсетін жолда олар экспедиция лагерін таба алмай, Бишоп башпайлары ұйып, ауыра бастайды. Күркесіз ашық ауада түнегеннен кейін оның башпайлары өліктей ағарып, семіп, мұздай қатып қалады. Аяздан бейшара күйге түскен Бишопты непалдық шерптіктер таудан төмен түсіріп, оны Катмандудағы ауруханаға тікұшақпен жеткізеді. Оның аяғындағы зақымданған тінді қалпына келтіру үшін эксперименталдық дәріні пайдалану мақсатында америкалық бір дәрігер де көмектесе алмайды.

Барлық башпайларымен бірге Бишоп екі саусағының ұшынан да айырылады. Десе де ол тауға өрмелеуін тоқтатпаған. Оның ұлы Брент 1994 жылы Эверестке шығып, әкесінің ерлігін қайталаған. «Шынайы жеңімпаздар болмайды, – дейді Барри Бишоп тау туралы. – Тек аман қалғандар болады».

 

Авторы: Нина Строчлик, фото: Ребекка Хейл

 

 


Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation