..."/>
КҮННІҢ ҮЗДІК СУРЕТІ

Смаха Джахангир

 

Джахангир туған күніне БАӘ-дегі аспан тіреген зәулім сарайлар мен өршіл амбициялар қаласы – әйгілі Дубайға барған болатын. Кештердің бірінде туристер әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж Халифаның 124-ші мен 125-ші қабаттарындағы бақылау алаңына күннің ұясына бату сәтін тамашалау үшін жиналды. Бір жас жігіт пен бойжеткен алтын сәуле қаптаған терезенің алдын көлегейлеп тұрған кезде Джахангир олардың мінсіз сұлбасын шырт еткізеді. Бірнеше секундтан кейін әлгі екеуі тұрған қалыптарынан қозғалып, кете барды.

 


КІМ? Джахангир, Пәкістанның Файсалабад қаласында оптометрист болып істейді

ҚАЙДА? Әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж Халифаның 125-ші қабаты (Дубай)

НЕ? Nikon D610 камерасы, Tamron 15-30мм f/2.8 объективі

 


Журналымыздың «Сіздің суретіңіз» қауымдастығына қосылып, өз фотоңызбен бөлісіңіз: YourShot.ngm.com.

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation