..."/>
КҮННІҢ ҮЗДІК СУРЕТІ

Оливер Аписэлла

Журналымыздың «Сіздің суретіңіз» қауымдастығына қосылып, өз фотоңызбен бөлісіңіз: YourShot.ngm.com.

Қауымдастық суреті

Кең жайылған гүл фермаларымен аты шыққан Вьетнамның Са Дэк қалашығы қыс сайын тойланатын Қытай Жаңа жылы мерекесі қарсаңында ерекше құлпырады. Аписэлла бұл қалашыққа түрлі-түсті өсімдіктер мен дәстүрлі өсіру әдісі – су әсерін бақылауда ұстайтын биік тіреу­лердегі кеме бағбандығын суретке түсіру үшін келді. Күн ұясына әлі кіре қоймаған кештердің бірінде фермерлердің бірі оны әсел гүлдерін суретке түсіруіне рұқсат береді. Бағбан өсімдіктерін суғарып жатқанда Аписэлла дронын ұшырып, қатар арасынан мінсіз бұрыш іздеуге кіріседі. Кейінірек шаруа отбасымен шай ішіп жатып, қайран қаларлық су иірімі сценасын асықпай тағы қарайды. Дронмен алғаш бетпе-бет келгендіктен фермер мен оның үш баласы бұл сәтті тағатсыздана күтіпті.

КІМ? Аписэлла, Вьетнамның Хошимин қаласында тұратын фрaнцуз фотографы

ҚАЙДА? Гүл фермасы, Са Дэк, Вьетнам

НЕ? 28 миллиметрлік DJI Mavic 2 Pro дроны

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation