..."/>
EDUCATION

Гаятри Датар

О бастан-ақ тазалыққа құмарттым, құмарттым да жүрегіме жүк арттым.

2014 жылы Стэнфорд университетінің бизнес факультетін тәмамдаған Гаятри Датар мақсатын жүзеге асыру үшін Руандаға бет алды. Онысы – адамдарды ауруға шалдықтыратын лас едендерден арылту.

«Мұндай жерде қыбырлаған жәндік көп болады: термит, бүрге, құмырсқа, – деп түсіндірді ол. – Жаялығы болмаған соң кішкентайлар үлкен-кіші дәретті тазалауға келмейтін еденде сындыра береді. Сырт көзге жағымсыз көрінгені былай тұрсын, адамдар тұрған жерінен безуге шақ қалады». Соған қарамастан, өзге таңдауы жоқ бір миллиардтан астам адам осындай жағдайда өмір сүруге мәжбүр.

Датардың ком. емес EarthEnable стартапы жергілікті саз, қиыршық тас пен құмнан жасалып, патенттелген табиғатқа зиянсыз лакпен сырланған топырақ еден сатады. Оның бағасы әр үйге шамамен $70 түседі. Яғни, бетоннан әлдеқайда арзан.

Шалғай аудандарға шикізат тасу қымбат болып шыққандықтан EarthEnable бастапқыда қиындыққа тап болды. Еден сапасы да біркелкі болған жоқ. «Мүмкін болған бүкіл қателікке жол беріп қойдық», – дейді 34 жасар Датар.

Бүгінде EarthEnable аяққа тұра бастады. Түрлі қордың арқасында әжептәуір қаржы жиналып, тұтынушылардың көңілінен шығып жатқан 4400-ден астам топырақ еден орнатылыпты. Ең негізгісі, бастама ел үкіметінің кейбір лауазымды тұлғаларының ойынан шығып отыр екен.

 

 

Автор: Марк Гунтер, фото: Крис Шуагга

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation