ЗЕРТТЕУ

Арқада жер жетпейді Бурабайға…

Закат на озере Бурабай

Бурабай көлі жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең көрікті жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол – оқ жетпейтіндей қашықтықта орналасқан.

02

Бурабай көлі, Оқжетпес тауы мен Жұмбақтас аралы қай жағынан қараса да өте әсем, әрі көрікті болғңандықтан қазақтың талай ақындары мен жырауларының шығармаларына арқау болғаны белгілі.

озеро Бурабай

Бұл тау жайында ел ішінде аңыз әңгімелердің бірнеше нұсқасы айтылады. Аңыздардың бірінде, зорлықпен ұзатылуға көнбеген тұтқын қыз осы таудың төбесіне шыққан бойда кімде-кімнің жебесі сол жерге дейін жетер болса сол адамның жары болуға дайын екенін айтады. Алайда, таудың басына ешкімнің оғы жете қоймағаннан кейін әлгі қыз таудан секіріп, мерт болады. Ал қыз құлаған жерде Жұмбақтас аралы (оның шоқтығы айдын бетінен 20 метр көтерілген) пайда болған деседі.

04

Ал Бурабай көліне келер болсақ ол Көкшетау қыратындағы тұйық көл.

Ол көл Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағындағы Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 шаршы шақырым, ені 3,9, орташа тереңдігі 4,5 метр. жағалауының ұзындығы 13,6 шақырым, су жиналатын алабы 164 км2.

05

XVIII ғасырда бұл аймақты ұлы қолбасшы, дипломат, қазақ руларының басын біріктіріп, тұтас елге айналдырған Абылай хан бас­қарған Орта жүз қазақтары ме­кен­деді. Осында хан ордасы орналасты. Тау қырқалары мен орман шо­­ғырлары қоршаған аумақ жиі бо­­латын қақтығыстардан қорғануға ыңғайлы еді.

озеро Бурабай

Ал мына фотосуретте аңызға айналған көл, тау мен аралдың қысқы көрінісі.

Фото: Ерболат Шадрахов

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз