.

Шаңқылдауық суырлар

01

Қазақстанның ормандарында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында суырдың 4 түрі кездеседі. Олар: дала суыр (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрықты суыр (Marmota caudata) және менизбир суыры (Marmota menzbieri).

02

Дене тұрқы 30-60 см, құйрығының ұзындығы 10-15 см, ал салмағы 3-8 кг аралығында болады. Түсі қызғылт, жирен, қоңыр-қара болып келеді. Ашық алаңқайларда тереңдігі 3 метр, ұзындығы 8 метрге дейін жететін ін қазып, топтанып тіршілік етеді. Тек шөппен ғана қоректенетін олар жылдың 7 айын ұйқымен өткізеді. Жылына бір мәрте (наурыз айында) балалап, 15-20 жылға дейін өмір сүреді.

03

Суырдың еркегі ұрғашыны өзі қыстаған іннен емес, басқа іннен іздейді. Суырлар өте сақ және ұйымшыл аң. Мәселен олар жайылғанда бір суыр міндетті түрде күзетте тұрады. Егерде алда-жалда қауіп төнетіндай жағдай орын алса, ысқырып, шаңқылдап бір біріне белгі береді. Сол кезде барлық суыр жайылғанды қойып, індеріне жүгіреді.

04

Дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Себебі суырдың бағалы терісінен адамдарға арналған бас киім мен сырт киім тігілсе, ал оның майы халық медицинасында әр түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.

Айта кету керек, моңғолдар арасында суыр етін негізгі азық деп санайтындары да баршылық.

05

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу