Бабын тапса аққулар да қыруар қаржы әкеледі

01

Қытай Халық Республикасында айналасын әсемдікке бөлеген аққу құсының ордалы мекені бар. Бір маусымда 150-ге жуық аққу қатар тіршілік ететін көлшікке келушілер қатары жыл өткен сайын еселеніп келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, биылғы маусым аяқталмай жатып-ақ көлге келген туристер саны 100 мыңнан асқан. Аққуды да мол табыс көзіне айналдыруға болатынын ескерген жергілікті билік өкілдері былтырдан бері көлдің айналасын қоршауға алып, саяхатшылардың жүріп-тұруына мейлінше қолайлы жағдай жасап қойған.

02

Құлжа ауданы Жаңатам ауылы маңындағы Шағлық қыстағындағы бұл көл осыдан 10 жыл бұрын әлдебір кәсіпкердің меншігіне өткен екен. Ал сол жылдың күзінде жылы жаққа бет алған бір жұп аққу аз уақытқа көлге қонған сәтте көл иесі оларға азығын беріп, айрықша қамқорлық көрсетеді. Жайлы ортаға кенеттен тап болған аққулар болса қыстау үшін сол көлге қалып қояды. Келесі жылы әлгі жұп өздерімен бірге 16 аққуды, одан кейінгі жылдары 30,70,90 аққуды өздерімен бірге ерте келсе, бүгінде олардың саны 150-ден асып кеткен.

03

Бұл көлдің махаббаттың символына айналған құстар үшін жайлы орта ретінде қалыптасуына судың температурасы қысты күндері – 0 градустан төмен түспейтіндігі негізгі себеп болса керек. Суық күндері буы бұрқыраған, көл жағасындағы ағаштарды қырау шалған, әрі көл бетінде жүздеген аққудың қатар жүзгенін көру бақыты кез келгеннің маңдайына жазыла бермейді.

04

Мамандардың айтуынша, бұл аққулар өзіміздің Балқаш көлінен ұшып барады екен. Соған қарағанда, біз барымызды ұқсата алмай жүргендейміз. Аққулардың бұл көлдегі қыстау маусымы қазаннан сәуір айына дейін созылады.

05

06

07

08

09

10

11

12

Мына фотосуреттерді Сарсенбек Қызайбекұлы есімді қазақстандық фотограф Қытай еліне арнайы сапарлап барған кезінде суретке түсіріп алған екен.

Фото: Сарсенбек Қызайбекұлы

    

2 пікір жазылған

  • Сөз жоқ, керемет суреттер!!! Фогографпын, фототілшімін деп кеуде соғып жүрген кейбір жігіттер Сәкеңнен үйренсе екен,-деген тілек бар менде. Не деген талант, не деген өнер десеңші, әр суреті сөйлеп тұр ғой. Өте әсерлі. Осындай суреттер түсіру үшін, фотоаппаратпен «шық» дегізу аздық етеді, ең алдымен жан-дүниең творчествоға толы болу керек деп ойлаймын. Орыстарда бір мақал бар ғой; «Журналистика это не профессия, а призвание» деген. Фотограф дәл сондай.

Пікір жазу