ЗЕРТТЕУ

Әдемі ақ бұлт

Қолдан бұлт жасаудың шебері Бернднаут Смилде өз туындысы үшін ерекше орын таңдайды. Мына жерде ол Қытайдың Шанхай Гималай музейінде түтін мен бу аппараты көмегімен бұлт тудырды.

Бернднаут Смилденің заманауи сиқыры. Мен сені ақ-ұлпа, ешкімнің колы жетпейтін, әдемі, әдемі ақ бұлттан жасап алғанмын…

Бернднаут Смилде қолдан бұлт жасаудың шебері. Даниялық суретшінің «сиқыры» көп дегенде он секунд ғұмыр кешіп, ғайып болады.

Нидерландының Арнем қаласындағы көркемөнер коллекциясы галереясы.

Ирландияның Карлоу қаласындағы Бейнелеу өнері орталығында қалқыған бұлттар көрінісі.

Смилденің «Сәуле жиек» деп аталатын жобасында бұлттың визуалдық эффектісі зерттеу тақырыбы б.т. Қамал не каньон көрінісі үшін бұлт қандай үйреншікті болса, шіркеу не музей ішінде түзілген бұлт сондай ерекше көрінетіні сөзсіз.

Смилде бұлтының сыры түтін мен су буы ғана. Оның пайда болып, бірден жерге түсіп кетпесі үшін салқын, дымқыл әрі ауа циркуляциясынан ада кеңістік қажет. Ауаны ылғалдандыру үшін кеңістік ішінде ол спреймен су шашып, артынша ұсақ бөлшектер шашатын түтін аппаратын іске қосады. Бу осы бөлшектер айналасында конденсацияланады.

Сән-салтанаты асқақтаған Сан-Францисконың Әскери мемориалы.

Нидерландының Хорн қаласындағы Мария Капел қонақүйінің көрме залына көрік берген заманауи «сиқыр» – ғылым.

Смилде түзілген бұлтты айнала жүгіріп, оны ұзындығы алты метр, биіктігі екі метр пішінге енгізеді. Сосын ол фотограф бірнеше кадр жасай алатындай қашықтыққа кері шегінеді. Ауа сейілген кезде ол нәтижесі көңілінен шыққанға дейін осы процесті он шақты мәрте қайталайды.

Германияның Кельн қаласы. Шығармашылық, қылқалам өнері мен музыка орталығы ретінде де пайдаланылатын готикалық Әулие Питер шіркеуі ішіндегі жасанды бұлт.

Көпшілік «тропосфералық сиқыр» деп атап кеткен бұл өнері үшін Смилде шақыртуларды жиі алады. Оның айтуынша, бұл жоба оған суретші ретінде әлдебір жаңа шабыт ұсынатын дүние әрі бұл тың кадр жасаудың қамы ғана. «Сиқыр бұлттың пайда болуында емес, гәп оның тек бір сәтке ғана көзге көрініп, артынша мәңгілікке жоқ болып кетуінде, – дейді ол. – Әр туынды қажетті уақытында, қажетті жерден табыла білді деп білемін. Фотодағы мына бұлттарды енді көрмесіңіз анық», – дейді Смилде.

Рим ұлттық музейіндегі Диоклетиан бөлімі. Смилде қолдан жасаған, енді қайталанбас бұлтты фотограф Касасандер Ифтинк Шаттенкерк суретке түсіруде.

Авторы: Даниэль Стоун


0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз